№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғанда қылмыстық істер азайып келеді

Жаңақорғанда қылмыстық істер азайып келеді

Бүгінде аудандық сотта серпіліс көп. Әділ үкім, заң аясында шығарылған шешім нәтижесінде жыл сайын істер азайып келеді. Былтырғы жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда биыл қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істер біршама азайған. Оған басты себеп – медиация заңының тиімді жүзеге асуы. Азаматтық істер азайғанымен, оның ішіндегі алимент өндіру, ажырасу және отбасындағы дау-дамай мәселесі әлі де өршіп тұр. Бұл туралы баспасөз конференциясында аудандық сот төрағасы Әлия Түбекбаева нақтылай кетті.

Жалпы сот саласындағы реформалау үлкен өзгерістерге, ашықтық пен жариялылыққа әкелуде. Қазір сот залындағы істердің барлығы бейне жазба арқылы жүргізіледі. Яғни, кез келген айыпталушы немесе өндіруші тарап апелляцияға бергенде бейне жазбаны пайдалана алады.
– Сот жүйесін цифрландыру үшін «Цифрлы Қазақстан» жобасының тиімділігі арта түсті. Қазір істердің барлығы электронды нұсқаға көшті. Мәселен, қазір талапкер немесе борышкерлер сотқа онлайн арқылы қатыса алады. Ол үшін қалта телефонына «True Conf» құрылғысын жүктеп алады. Ал смартфон қолданбайтындар аудандық сотқа қатысу үшін өзінің тұрғылықты қаласындағы сотқа алдымен хат жазады, сосын іс басталғанда сот залындағы экраннан тікелей эфирде процеске қатысуға құқы бар. Бұл уақытты үнемдеуге, екінші жағынан ашықтық пен жариялылықтың қолдану аясын кеңейтуге мол мүмкіндік береді. Карантин жағдайында осы жүйе тиімділігін көрсетуде, – деді Әлия Берікбайқызы.
Енді жартыжылдықта қаралған істерге келсек. Алдымен қылмыстық істерге тоқталсақ. Соңғы екі жылда қылмыстық істердің қатары азайып келеді. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 46 іс қаралып, аяқталса, былтыр 44-ке қысқарды. Биыл жыл басынан бері 33 іс аяқталды.
– Жаңақорған аудандық сотының өндірісінде аталған мерзімде барлығы 33 қылмыстық іс қаралып аяқталса, 26 іс бойынша айыптау үкімі, 1 іс бойынша ақтау үкімі шығарылды. 6 қылмыстық іс өндірістен тоқтатылса, осы тоқтатылған қылмыстық істердің 4-еуінде талаптар Медиация Заңы негізінде татуласқанын атап өтуге болады, – деді төраға.
Сондай-ақ, азаматтық істердің көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда төмен. Былтыр 327 іс келіп түссе, биыл 258 азаматтық іс қаралып аяқталған, оның ішінде 34 арыз бойынша сот бұйрығы, 146-ы азаматтық іс бойынша шешім шығарылған. 28 азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылса, оның 17-сі медиация тәртібімен тараптардың татуласуларына байланысты аяқталған. 2 азаматтық іс адвокаттардың жәрдемдесуімен партисипативтік рәсім тәртібімен, 30 арыз қараусыз қалдырылса, 52 азаматтық іс бойынша оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шешім қабылданған.
– Биыл әкімшілік құқық бұзушылық істер қайта көбейді. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында барлығы 344 тұлғаға қатысты 342 әкімшілік іс қаралса, 304 тұлға әкімшілік жазаға тартылды. 38 әкімшілік құқық бұзушылық істің 28-і медиация тәртібімен тоқтатылды. Еліміздегі карантин шараларына байланысты аудандық сотта барлық істер қашықтықтан, онлайн режимінде қаралуда екенін тағы да ескерте кеткен жөн, – деді Ә.Түбекбаева.
Жалпы байқағанымыздай, мал ұрлығы әлі де өршіп тұр. Екіншіден, ажырасу, алимент өндіру бойынша да істердің қатары аз емес. Бұл қазіргі қоғамның бейнесі. Барлығын уақыт еншісіне қалдырайық.
Аудандық сот БАҚ өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарып келеді. Бұл сот жүйесінің қоғам алдындағы тазалығын, атқарылып жатқан жұмыстардың жүйелілігін көрсетеді. Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы алдағы уақытта да сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынын атап өтті.

Әлібек ТЕМІРБЕК
25 шілде 2020 ж. 629 0