№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үштұғырлы тіл – уақыт талабы

Үштұғырлы тіл – уақыт талабы

Бәріміз де уақытқа тәуелдіміз. Ешкім де одан асып кете алмайды. Заман ағымына сай уақыт талап ететін қажетті дүниелер болады. Соның бірі – үш тұғырлы тіл.
XXI ғасырда Қазақстан дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі деңгейі жоғары елдердің қатарына ілесу үшін, бүгінгі таңда болашақ ұрпақтың қоғамда ролі, білімі мықты болу керек.
Елбасы «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек» - деген. Демек, ағылшын тілін білмей, заман талабына лайықты, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға толық қол жеткізе алмаймыз. Іргелес мемлекеттерден анағұрлым ілгері тұрған Қазақстан қазіргі жетістіктерімен шектеліп қалмау үшін де көптілділікке ұмтылуда. Өйткені, еліміздің біліктілігі мен сауаттылық деңгейін әлемге танытып, алпауыт мемлекеттермен тереземізді теңестіру мүмкіндігіне жетелейтін қадамдардың маңыздысы - көптілділік.
Үштілді жүйе барлық қазақ­стан­дықтар үшін бірдей жағдай жасайды, барлық адамдарды ақпаратқа жету жолында тең мүмкіндікпен теңестіреді. Әлемнің озық дамыған елдері­нің қатарына енуге ұмтылған Қазақстан­ның ғылым мен индустрияны дамыту орайында басқа елдерден қалып қоймауы өте-мөте маңызды. Ал жастардың ағылшын тілін білуі ІТ-технология, машина жасау, биомедицина, кибернетика және адамзат ақыл-ойының басқа да аса маңызды салаларындағы жаңа мағлұмат-деректерге қолжетімділікті қамтама­сыз етеді. Олай болса, соңғы инновациялар мен әзірленімдерден қалып қоймас үшін біз ағылшын тілін еркін білуге тиіспіз. Бұл, әсіресе, біздің инженерлік сала мен технологиямыз үшін ауадай қажет.
Үштілді оқыту үрдісін енгізудің көптеген артықшылықтары бар. Халықаралық қатынас тілі ретінде ағылшын тілін білу бүгінгі таңда қажеттілік болып табылады. Біздің балаларымыз ЖОО-ларға түскен кезде және басқа ұлттар мен елдер­дегі құрдастарымен қарым-қаты­нас жасаған кезде тілдік һәм психо­логиялық кедергіні сезінбеуі қажет.  Білім ордаларында үштілділікті енгізу білім беру үдерісінен мемле­кеттік тілді ығыстырып шығармайды. Ағылшын тілі мен мемлекеттік тіл оқу үдерісіне тепе-тең жағдайда қатысады.

Түйіндей келе, «Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс дегім келеді. Бұлар, қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» - деп Елбасымыз өз жолдауында айтып кеткендей, қазіргі заман ағылшын тілін талап етуде. Ағылшын тілі бірінші дүниежүзілік әмбебап тілі болып табылады.

Бұл жайлы бабаларымыз «Білімді адамның алды жарық» деп тегін айтпаған. Бүгінгі таңда үш тұғырлы тілді меңгерген баланың болашағы зор. Сондықтан оған сеніммен қарау қажет.
                            Ғалия Чинибекова, №51 М.Қаратаев атындағы мектеп мұғалімі
                           
19 сәуір 2021 ж. 610 0