№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үштілді білу – бүгінгі қоғамның басты қажеттілігі

Үштілді білу – бүгінгі қоғамның басты қажеттілігі

«Біз үштілділікті дамыту қарқынын үдетіп отырмыз. Бұл ойдан шығарған дүние емес, қажеттілік. Қазірдің өзінде қазақстандықтардың 20 пайызы ағылшын тілін меңгерді. Яғни үш тілді меңгеру білу, бұл – әлемге жолдама деген сөз. Бұл адамның өмірдегі табыстылық, жетістік принцпі». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, үштілді білу – бүгінгі қоғамның басты қажеттілігі.
Әрбір перзент үшін туған тілдің, ұлттық тілдің тұғыры биік болуы тиіс. Өз тіліңді меңгере отырып, өзге тілді игеру – бұл нағыз білім мен ғылымға ашылған даңғыл жол деп қабылдауымыз керек. Антон Чехов айтқандай: «Қанша тіл білсең – сонша рет сен адамсың».
Үш тұғырлы тіл саясаты арқылы біз өскелең ұрпақты білімді, білікті етіп қана қоймай, оларды бәсекеге қабілетті етеміз. Бұл дегеніміз, үш тұғырлы тілді, оның ішінде ағылшын тілін меңгерген шәкірт әлемдік деңгейдегі ақпаратты еркін, ешкімнің көмегінсіз алатын кәсіби кадрға айналады деген сөз.
Енді ағылшын тілін оқытудағы, баланың ынтасына серпіліс жасаудағы өз тәсілдеріме тоқталсам. Бүгінгідей, электроника мен техниканың қатты дамыған шағында оқушыны сабаққа ынтықтырып, қызықтыра түсу де оңай емес. Мұндай сәтте, оқытушының озық педагогикалық әдіс-тәсілдері мен заманауи оқыту әдістері, оқыту технологияларының элементтері көмекке келе алады. Алдымен, бүгінгі заманның ұрпақтарын ағылшын тіліне қызықтыру қажет. Кез-келген адам баласы асқақ армандайтыны сияқты, шет елдердің әдемі көріністерін, ЛЕД экрандар арқылы, саяхат сабақ жасау арқылы АҚШ, Англия сынды алпауыт елдердің көз тартарлық көріністерімен, ішкі және сыртқы саясатымен, ұлттық киімі мен халқының менталитетімен таныстыру арқылы студенттердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыруға болады. Гарвард, Оксфорд, Кембридж университетінің оқу грантын жеңіп алуға әрбір білімді жас лайықты екенін түсіндіре отырып, шәкірттердің құлшынысын арттыруға болады. Одан кейінгі кезекте, нақты мақсат қойып, тілді меңгеруді кезең-кезеңімен жүргізуге болады. Яғни заманауи телехикаялар көрсету арқылы, ағылшын тілінде күніне 10 сөз жаттату арқылы, түсінбесе де кітаптарды оқыту арқылы баланың сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болады.
Статистикаға сүйенсек, ағылшын тілі әлемдегі ең кең тараған тіл. Шамамен бұл тілде жер бетінде бір миллиардтан астам адам сөйлей алады. Әлемдегі экономикасы дамыған мемлекеттер – Ұлыбритания мен АҚШ-тың мемлекеттік тілі. Сонымен қатар ондаған мемлекеттердің ресми тілі. Дүниежүзінде ғылыми үрдіске қатысты еңбектер мен ақпараттық тендецияның 33 проценті ағылшын тілінен аударылса, 15 проценті француз тілінен аударылады. Осыдан-ақ, ағылшын тілін меңгерудің қаншалықты маңызды екенін, ақпарат пен білімнің барлығы да сол тілде екенін түсінуге болады. Ағылшын тілін білетін адам, жер жүзінде бір миллиард адаммен еркін коммуникацияға түсе алады.
Қорыта айтқанда, үштұғырлы тіл саясаты – халық болып қолдайтын жоба. Ал, ағылшын тілін меңгерген шәкіртті дайындау – шын шебердің ғана еңбегінің нәтижесі болмақ. Бүгінгі таңда Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі де бұл саясатты қолдау арқылы, үш тілде сөйлейтін студент даярлауға баса мән беруде. Білім ордасында ұйымдастырылған салтанатты шаралардың үш тілде жүргізілуі де соның нақты дәлелі...


Бейсенкүл СЕЙІЛОВА,
аграрлы-техникалық колледжінің
ағылшын тілі пәнінің оқытушысы

12 маусым 2020 ж. 932 0