№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Білімді бала – ел ертеңі

Білімді бала – ел ертеңі


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында қазақстандықтардың жарқын болашағы үш тілді еркін меңгеруде екенін атады. Яғни, ғылым мен инновация тілі – ағылшын тілі болса, орыс тілі – халықаралық қатынас тілі, қазақ тілі – ана тілі ретінде қолданылып, балабақша бүлдіршіндеріне үш тілді меңгеру міндеттелді.
Осы ретте, аудан балабақшаларында бүлдіршіндердің тілдерді меңгеруі қандай деңгейде? Мұны мектепке дейінгі мекемелердің басшыларынан сұрадық.
– Елбасының «Үш тұғырлы тіл» жобасы ел болашағын баянды етуден туған, алысты көздеген мақсат. «Үш тұғырлы тіл» – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар қойып, жарыстыру емес. Керісінше, бұл әр тілді өзіне лайықты орнымен қажетіне қарай лайықты пайдалану деген сөз. Осы бағытта балабақшадағы жас сәбилердің тәрбиесіне үштілділікті барынша кірістіруді болашақ алдындағы міндетім деп білемін. Себебі дамыған 30 елдің қатарына ену үшін үштілді қатар меңгеру міндетті. Демек, ағылшын тілін меңгеру барысында ойын элементтерін қолдана отырып, құзыреттілік тапсырмалар арқылы баланың өздігінен дамуға, жетілуге қабілетті тұлғаны қалыптастыруды көздейміз.
«Іңкәр ай» бөбекжайында 75 бүлдіршін тәрбиеленуде. Балабақша тәрбиешілерінің бәрі жоғары білім білікті мамандар, өз ісінің шеберлері. Бақшадағы бүгінгі бүлдіршін ертеңгі Қазақстанның жеке тұлғасын қалыптастыру үшін, әрбір оқу қызметінде жаңа сөздердің ағылшын және орыс тілдерінде аудармасын үйретіп отырады. Бақшамызда ағылшын және орыс тілдері вариативтік компонент арқылы жүзеге асырылады.

Айгүл ҚИЯНБЕКОВА,
«Іңкәрай» бөбекжайның меңгерушісі:
18 сәуір 2018 ж. 2 815 0