№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Зағиптар қоғамнан қамқорлық күтеді

Зағиптар қоғамнан қамқорлық күтеді

Жарық өмірде денсаулығында кінәраты бар жанды көрген сайын қандай күй кешесіз? Жанарыңызбен мынау жарық әлемді көре алатыныңызға қуандыңыз, болмаса он екі мүшеңіздің сау болғаны үшін Құдайға тәуба дедіңіз. Ал оларға жәрдем қолымызды созып жүрміз бе? Әрі кетсе қолынан жетелеп жол көрсетіп, яки банкоматтан ақшасын алып беріп көмектестік. Одан әрі олардың қандай тірлік кешіп жатқанынан сіз де, біз де хабарсызбыз...
Осыдан біраз бұрын Ерсін Әшір­байұлы деген азамат өздігінше бастама көтеріп, зағиптар ұйымын ашуға талаптанып жүргенін көріп едік. Үлкен іске бел буған жігерлі жанға«Арман» кенттік мәдениет үйі ішінен аядай ғана бір бөлме бұйырыпты.
– Ауданда 4 мыңға жақын мүм­кіндігі шектеулі жан бар. Соның ішінде І-ІІ топ мүгедектері, яғни көру қабілеті нашар жандар көп. Әрбір атқан таңының бағасын білетін ғаріп жандардың көңіліне жылт еткен сәуле ұялату мақсатым.  Бұл бағытта түрлі жобам бар. Мұны аудан басшылығына жеткіздім, қолдау табады деген үміт басым, – дейді ол. 
Сондай-ақ, көз жанарынан ай­рыл­ған жандарды жұмыспен қамту, оларға қайырымдылық көмек көрсету шараларын жүзеге асыру, заң шеңберіндегі белгіленген құқықтарын қорғау және арнайы ұйым атынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін алу кезіндегі заңды құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда қайда шағымдануға бола­тынын түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Бүгінде мемлекеттік қызмет түрлерін алуда зағиптар көп­теген қиындықтарға тап болып жатамыз. Кезекке тұрады, көзі көрмегендіктен оқып, жаза алмайды, меніңше мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық қажет, – дейді ол. Расымен ауданда мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық қандай деңгейде?
Осы мақсатта аудандық орталық­тандырылған кітапханаға соғып, зағиптарға арналған оқулықтардың бар-жоғын сұрадық. Мұнда кітап жоқтың қасы. Нүктелі бедерлі жазудан тұратын санаулы ғана кітап бар. Бұл бір. Кітаптардың дискіге жазылған аудионұсқасы 5-6 рет тыңдағанда жарамсызданып қалатыны бар. Бұл екі. 
Тақырыпқа тұздық. Көптеген аудандарда зағиптарға арналған орталық жайы – өзекті мәселе екен. Себебі өңірлердегі көру қабілеті нашар балалар аудан мен облыс орталықтарында білім алуға мәжбүр. Білім министрлігінің мәліметіне сүй­енсек, мұндай балаларға арналған 11 мектеп-интернат бар. Ауылдағы ата-ана ол орындарға көбіне баласын жіберуге мүдделі емес. 
Зағиптарды әлеуметтік-меди­ци­­­на­лық қолдау жергілікті әкім­дік­тердің құзырына кіреді. Ал екі қолға бір күрек тауып беру жұмыспен қамту орталығының міндеті. Бұл ретте жұмыспен қамту орталығына хабарласып мән-жайды білдік. Жыл басынан бері жұмыссыздыққа тір­келген 36 мүмкіндігі шектеулі аза­маттың 5-і тұрақты жұмысқа тартылса, 25-і қоғамдық жұмысқа жіберіліпті. Сондай-ақ, 1 көру мүмкіндігі нашар азамат кәсіп ашуға мемлекеттік грант алған.  Мемлекет басшысының әр жылғы Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, теңқұқылы қоғам құрудың өзектілігі өткір қойылып отыр. Осы бағытта ауданда дені дұрыс орталықтың жоғы алаңдатады. Орталық ашуға талаптанған бауы­рымыз Ерсін Әшірбайұлының сан түрлі жобаларының аядай бөлмеде қанатын кеңге жаза  алмасы белгілі.
– Мен және мен секілді жандар қоғамда өзінің текқұқылы екенімізді көргіміз келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға кітап оқып, шахмат, дойбы секілді ойындар ойнап бір мезгіл өзін дамытатын орталық керек. Мына жалғанның қадірін көзі көретіндерден көзі көрмейтіндердің көбірек түсі­нетінін айтқым келеді. Рухани даму, қараңғы әлемді жарық нұрға айналдыру, яғни білімімізді жетілдіріп, бөлісу үшін де бізге орталық керек, – дейді ол.
Иә, аяқ адамның пырағы болса, көз жанның шырағы. Жалғанның жарығын, анаңның ақ жүзін көргенде ең алғаш жаныңа қуат, жүрегіңе шуақ түсіретін де маңдайдағы екі жанарың. Бүгінгідей дамыған заманда білімнің нәрі сіңген кітапты оқуға, оны бойға сіңіруге құмартқан жастардың жалынды бастамасына қолдау болса деген ниет біздікі. Сіз бен біз болып біріксек, алынбайтын асу болмас!
                                         
Әйгерім МӘДИҚЫЗЫ
17 сәуір 2021 ж. 303 0