№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МЕРЕЙІ ҮСТЕМ ЖАНДАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

МЕРЕЙІ ҮСТЕМ ЖАНДАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА


Естеріңізде болса, былтыр тоғызқұмалақтан тірек қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасындағы ел біріншілігінде мадина нұрсейіт алтыннан алқа тағынған еді. Алайда, биыл алтынын уақытша күміспен алмастырды. 6-10 сәуір аралығында Шымкент қаласында өткен жастар арасындағы қр чемпионатында екінші орынды місе тұтты. Ол бұл көрсеткішін облыста қайта алтынмен толтырды.
Жуырда Қызылорда қаласында өткен мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында тоғызқұмалақтан облыстық біріншілікте Мадина мен бірге көру қабілеті төмен спортшылар арасында Мақпал Есжанова тұғырдың биігінен көрінсе, Жандос Құлтас күміспен шектелді. Спортшылардың жаттықтырушысы Қасым Асылбек...
Міне, осыдан аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандар спортының қандай деңгейде дамып келе жатқанын аңғаруға болады. Бұл тұғыры биік жолды қол күрес шеберлері жалғады. Жаңақорған спорт клубының қол күрес бөлімінің құрыш білекті спортшылары Бурабай қаласында өткен XVII Азия чемпионатында жүлделі оралды. Яғни, Абусейіт Реметов күміспен күптелсе, Ратбек Фазылов қоланы қанағат тұтып, мерейімізді асырып тастады. Енді Абусейіт қазан айында өтетін Түркия мемлекетінде өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. Спортшылардың жаттықтырушысы Шыңғыс Азнабаев дайындықтың жақсы екенін сөз етті. Ал, Абусейіт болса, жауапкершілік жүгінің қаншалықты ауыр екенін біледі.
– Азиядағы жүлдем мен үшін Халықаралық ареналарда бағындырған алғашқы биігім. Құдай қаласа түрік елінде өтетін әлемдік додада елімді алтынмен қуантамын деген мақсатым бар. Бәрінен бұрын маған қолдау көрсетіп, демеу болып жүрген жандарға алғыс айтамын, – деді білекті спортшы. Иә, аудан спортының биікке шығуына үлес қосып жүрген мұндай спортшылардың жігеріне қуанамыз. Бұл әлі бастамасы деген бапкерлер жеңісті жол жалғасын таба береді деген сеніммен серпілтіп тастады.
– Қандай спорт түрі болмасын Жаңақорғанның облыста шоқтығы биік. Міне, енді олардың қатарына мүмкіндігі шектеулі азаматтар қосылды. Сондықтан, аудан спортының алар асуы, бағындырар белесі алда деп білеміз. Ең бастысы бапкерлердің біліктілігі мен жастардың жалыны сөнбесе болғаны. Қалғаны уақыт еншісінде. Біз әрқашан бірінші орыннан көрінуге жұмыс жасаймыз, – деді аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Махмут Рахымжанов.
Түйіндей айтқанда, тумысынан табиғаты бөлек жандардың қоғамда жасып қалмай, өз орындарын спорттан тауып жатқанын қуанышпен жеткізуге болады. Бұл олардың замандастарына үлкен сабақ болуда. Сондықтан, оларды қоғамнан бөліп жармай, үнемі демеп жүрсек болғаны.
24 сәуір 2018 ж. 1 127 0