«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Үздік әлеуметтік қызметкер белгілі болды

Үздік әлеуметтік қызметкер белгілі болды


Тағдыр жазуымен саулығына кінәрат артып, қоғамнан шеттеу қалып жүрген қамкөңіл жандардың жанына жалау болып, қолұшын созу қоғам алдында тұрған маңызды міндет. Соның ішінде қызметі қауырт, күндері бөлекше ережеге құрылған әлеуметтік сала мамандарына жұртшылықтың шынайы жүрек жылуы алғаусыз. Осындай қиын да қажырлы, қажетті мамандықты таңдаған жандардың төл мерекесі аясында «Мейірімділік – жылы жүректен» атты шара «Арман» кенттік мәдениет үйінде аталып өтті.


Әлеуметтік қызметкер қоғамдағы кембағал жандардың жанашыры, жақыны, тіпті, туысы. Бұл мамандар әр науқастың жан-дүниесіне үңіліп, сырласады, жан-жақты көмек береді. Осындай сауапты да, салмақты еңбекті атқарып жүрген жандардың төл мерекесінде сөз алған аудан әкімінің отбасы және әйелдер ісі жөніндегі кеңесшісі Әзия Қыстаубаева ыстық лебізін былайша жеткізді.
– Бүгінгі аталып өткелі тұрған төл мерекенің басты кейіпкерлері өздеріңіз. Сіздердей кәсіби деңгейі жоғары, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойына сіңіре білген қызметкерлердің көмекке зәру қарттарға, жетімдер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын созуға әрқашан әзір болуы басты құндылық. Қажырлы еңбектеріңіз, кең жүректеріңіз, өзгенің қандайда болмасын жағдайына көз жұмып қарай алмайтын адалдықтарыңыз үшін сіздерге мың алғыс. Әрқашан еткен еңбектеріңіз бағаланып, өздеріңіз жүректерінде сенім отын жаққан жандардың да ғұмыры ұзақ, өмірі шуақты болсын, – деді.
Өзінің құттықтау сөзінен соң кент әкімі аппаратының бас маманы Алма Мамировамен бірге осы саланың үздіктерін аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады. Олардың қатарында Жаңақорған кенті әкімі аппаратының бас маманы Гүлдана Әбдірейімова, «Балғын» бала бақшасының әдіскері Зәуре Прманова, «Ақбота» балабақшасының әдіскері Сандуғаш Жамалбекқызы, «Болашақ» бала бақшасының әдіскері Айжан Оразалықызы, «Арнайы» балабақшасының әдіскері Айгүл Ахметова және әлеуметтік қызметкерлер Нағима Ашимова, Жәмила Ашимова, Ұлболсын Исабекова мен Алмагүл Утегенова бар.
Осы ретте Жаңақорған кенті әкімінің «Алғыс хатымен» сахна төріне көтерілгендердің де мерейі артып, төл мереке қарсаңында мәртебесі артты. Олар: Жаңақорған кент әкімі аппаратының әлеуметтік маманы Үміт Аптаева, әлеуметтік қызметкерлер Ләззат Абылкасимова, Зайда Ахметова, Манар Таждинова, Гүлбану Шахатова, Фарида Исаева, Мейрамкүл Құлахметова, Гүлфайруз Наурызалиева, Меруерт Асанбекова, Нурила Қайназарова, Муза Оразалиева, Айгерим Кайбуллаева, Гүлнұр Ақшабақова, Балауса Оразбекова мен Арайлым Аметовалардың мерейлі мерекеде еңбектері өз бағасын алды.
Өкініштісі, тағдыр тауқыметін тартқан, түрлі жағдайларға тап болған осындай жандарды көргенімен көмек көрсетуге құлық таныта қоймайтын керенаулық та қоғамда аз кездеспейді. Ал, біз тілге тиек етіп отырған əлеуметтік саланың өз өкілдері өмірде болмысы бөлек, жан-дүниесі жаралы жандармен біте қайнасып еңбек етеді.
– Жұмыстың жеңілі жоқ. Алайда, тағдыр тәлкегіне ұшыраған, қиындық көріп, өмірден түңілген адамдармен жұмыс жасау өте қиын. Күнделікті өмірде осындай жандардың көңілін табумен қатар күрделі міндетте сабырлылық танытып, өз жігерімізді де жануға тырысамыз. Кембағал жандардың келешегіне дем берумен келе жатқан әріптестерімді бүгінгі айтулы мерекелерімен құттықтаймын», – дейді сала қызметкері Ұлбосын Исабекова.
Қанша қиын болса да мехнатқа мойынсынбай, жабыққанға жүрек жылуын ұсынып, халық пен мемлекет арасындағы алтын көпірді астастыра білген сала мамандарының жемісті еңбегі қашанда құрметке лайық.

Лаура БИБАСАРОВА

05 қараша 2019 ж. 773 0