№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Мейірім әлемді құтқарады

Мейірім әлемді құтқарады

Жуырда аудандық балалар кітапханасы аудандық кітапханамен бірлесе отырып «Мейірімділік әлемді құтқарады» атты мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап тренинг-шоу өткізді. Оған №163, №125 мектеп және №5 «Балғын» балабақшасының логопед-ұстаздары мен оқушылары және тәлімгерлері қатысты.
Дүние есігін ашқан әрбір сәби ба­қыт­ты өмір сүруге құқылы. Туа біткен денсаулығында кінәраты бар көңілі жарым балалардың басын қосып өне­рін тамашалауда аудандық балалар кітапханасы қызметкері Мейрамкүл Айым­бетова кент орталығындағы логопед маман­дармен бірлесе өткізген шара мазмұнды өрбіді. Мақсаты – өздерін қоғам­ға керексіз деп сезінбеу, қоғамнан алыстап қалдым деген ойдан айықтыру. Олардың шығармашылығы мен кәсібін жалғастыруға мемлекет қашанда қам­қорлық жасайтынын сезіндіру.
Елді-мекендерден келген мүмкіндігі шектеулі балалармен тренингке шақырту алған логопед мамандар түрлі бағытта ойындар мен сайыстар ұйымдастырды.
Шара соңында мамандар мен қонақтар өмірге құштар, қашанда айналасындағы адамдардан мейірім мен жанашырлықты күтетін жандарға жылы лебіздері мен ақ тілектерін білдірсе, жас әнші Мұхтар Абдулла әсем әндерімен балаларды бір қуантты.
Қорыта айтқанда күн шуағы жер бетін жылытса, ал адамның жүректен жүрекке жететін жылуы мейірімділік шуағы барша жандардың жанына демеу береді. Демек мұндай шаралар жаратылысы ерекше жандардың өмірге деген құлшынысын арттырып, жігерін талпындырады. Сон­дық­тан жиі-жиі өткізіліп тұрғаны да жақсы.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
28 қыркүйек 2019 ж. 1 389 0