№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖҰМЫССЫЗ ЖАСТАР НАЗАРДА

ЖҰМЫССЫЗ ЖАСТАР НАЗАРДА


Жастар – қоғамның негізгі күші. Жігерлі жастары бар елдің экономикасы іргелі, болашағы айқын, келешегі кемел болары сөзсіз. Сондықтан мемлекет саясатында жастар мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Мемлекет саясатының маңызын арттырып, аудан жастарының мәселесін шешу мақсатында аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті.
Аудан жастарының арасында құқық­бұзушылықпен есепке алынған 14-29 жас аралығындағы жастармен жұмыс жайлы сөз өрбіткен аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ғани Тұрсекеев сегіз айдың қортындысымен таныстырды. Сонымен, жыл басынан бері 14-29 жас аралығында 61 қылмыс дерегі тіркелген. Қылмыс оқиғасына 51 жас араласқан. Оның ішінде 8 жасөспірім қылмысқа қатысы бары анықталған. Жастар арасында өрбіген қылмыстың 17-сі мас күйінде жасалған. Осындай мәліметтермен бөліскен ауданның бас полициясы Ғани Тұрсекеев:
– Қылмысқа қатысты 51 жастың 49-ы жұмыссыз. Сондықтан ауыл аймақтағы жұмыссыз азаматтарды есепке алып, басты назарды осындай топтарға бөлу қажет, – деді.
Жиында жастар арасында орын алған келеңсіздікке жұмыссыздықтың, жүгенсіздік пен қадағалаусыздықтың әсері мол екені айтылды. Аудан жастары арасында қылмыстың бұзақылық, тонау, ұрлау, қарақшылық сипаттағы түрлері көп кездеседі екен. Тарқатып айтсақ, сегіз айдың жүзінде 16 ұрлық, 9 бұзақылық, 3 тонау, 1 қарақшылық, 1 зорлау, 1 ауыр дене жарақатын салу қылмысы тіркеліпті. сондай-ақ 20 жас аудандық ішкі істер бөлімінің тізімдік және профилактикалық есебінде тұр.
Ішкі істер бөлімінің басшысы Ғани Тұрсекеев жасөспірімдердің түңгі мезгілде ойын-сауық, мейрамханаларда бей-берекет жүрмеуі үшін жүйелі жұмыстар жасалып жатқанын айтты. Жыл басынан бері 10 рейд ұйымдастырылып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 163 жасөспірімге тиісті шаралар көрілген. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда коммуналдық қалдықтарды тастап, қоршаған ортаны ластаған 2 жасөспірімніңң үстінен аудандық сотқа хат жолданған. Сот шешімімен 2 баланың ата-анасына айыппұл салынған. Сондай-ақ, бұзақылық пен құқықбұзушылықтың алдын алу үшін ай сайын тиісті шаралар өткізілген.
Аудан көлемінде 138 қылмыс ашылмай тұрса, оның 125-і мал ұрлығына байланысты. Жалпы ұрлықтың 30-ы мал ұрлығы және 20-ы ұялы телефон ұрлығы. Ұрлық-қарлықтың көбеюіне ешқандай кәсіппен айналыспайтын, жұмыссыз әрі түнде көп қыдырып, күндіз үйден шықпайтын жастардың қатысы болуы мүмкін деген болжам айтылды. Осы мәселеге байланысты аудан әкімі Ғалым Әміреев ауыл әкімдеріне, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал-актілерін тіркеу бөліміне және аудандық ішкі істер бөліміне аудандағы жұмыссыз жастардың есебін алып, олардың қайда тұратынын, немен айналысатынын, тіпті бір күндік режимінде не істейтінін анықтау қажет екенін айтып, басты назарды осы топқа аударуды ұсынды.
15 қыркүйек 2018 ж. 1 194 0