№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МАЛ ҰРЛЫҒЫН АЗАЙТУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

МАЛ ҰРЛЫҒЫН АЗАЙТУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

2019 жылдың алғашқы 50 күнінде 12 бас мал ұрланған. Оның төртеуі ізін суытпай ашылса, полицейлер қалғанын іздестіруде. Осы мәліметен-ақ, мал ұрлығы қоғамда өткір мәселеге айналғанын түсінесіз. Бүгінде малдың үлкен нарығы Түркістан мен Шиелі ауданымен шектесетін елді-мекен тұрғындары, барымташылар қайдан келетінін білмей дал. Ауыл тұрғындары мен жергілікті полициямен бірлесіп із кесуге кіріскен. Ал, оның нәтижесі қандай? Біз соның жауабын іздедік.
Оңай олжаға кенелуді ойлағандар қанша жерден іздерін жасырып, сақтанғанымен полиция қызметі ұрлықтың бетін ашатыны ақиқат. Бұл бағытта құқық қорғаушылар күндіз-түні ізкесу, іздестіру жұмыстарын тоқтатпайды. Сондықтан, аудандық ішкі істер бөліміне барып мән-жайды білдік.
– 2017 жылы 43 бас ірі қара қолды болса, 2018 жылда 44 бас мал жоғалды. Дер кезінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қылмыскерлер анықталды. Жыл басынан бері 12 мүйізді ірі ұрланды. Қазір сегіз жағдайға байланысты жұмыс жүргізілуде, – деді аудандық ішкі істер бөлімі жедел қылмысты іздестіру бөлімшесінің жедел өкілі Ғалымжан Асылбеков.
Аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы Ербол Әлімбековтің сөзінше, Ішкі істер министрлігінің 2002 жылы шығарған 339 қаулысына сай «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шаралары жүргізіліп келеді.
Құқық қорғау саласының мамандары айтқандай, мал ұрлығын азайтуда бірнеше объективті себептері бар. Біріншіден, 1997 жылы ҚР ІІМ-нің МАИ бекеттерін алып тастау туралы бұйрығына сәйкес, аудан аумағында орналасқан бекеттердің жабылуы салдарынан ұрланған малдарды тасымалдайтын автокөліктерді толығымен тексеруге мүмкіншілік болмауда. Мал ұрлығымен күресудегі тағы бір күрделі мәселе, қылмыскерлерді құрықтауда жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылып, оған полицияның бірқатар күш-құралдары жұмсалып, қылмыстың ашылуына қол жеткізгенде жәбірленушілер кешірім арыз жазып немесе келтірілген шығын жөнінде алдыңғы көрсеткендерін өзгертіп, бүкіл тергеу жұмысын жоққа шығарады. Мал санын есепке алудағы дәйексіздікте ұрлықты азайтуда септігі бар.
Ғалымжан Асылбековтен ауданның қай аймағында мал ұрлығы көп болатынын сұрадық.
– Соңғы жылдары Байкенже ауылдық округінде мал ұрлығы көп тіркелген. Бұған Жаңарық, Ақүйік, Аққорған, Қыркеңсе, Төменарық ауылдық округін де қосуға болады, – деді ол.
Мал шаруашылығы – жұмыспен қамту тетігі және табыс көзі. Алайда, ауылдық жерлерде мал ұрлығының дендей түсуі – жалақысы төмен, тек маусымдық жұмыспен ғана күн көретін ауыл тұрғындарына айтарлықтай қиындық туғызары ақиқат. Ал, жылдар бойы бағып-қағып, баптап күткен малынан бір түнде, керек десеңіз бір-ақ сағатта айырылып қалу ауыл-аймақ тұрғындарына оңай тимейтіні анық. Біраз уақыт бұрын Төменарық ауылдық округінің тұрғыны Сайдулла Сәрсенбаев бес-алты жыл бұрын бірнеше сиырым із-түссіз жолғалып кеткенін айттып, редакцияға хабарласқан еді.
– Полиция қызметіне қанша шағымдалып, арыз жазғанымен жоғалған малды тауып бере алмады. ...Ұры ұзақтан келмейтіні анық. Соңы сұрап, аудандық ішкі істер бөліміне бардық. Уәде берді. Бірақ, нәтиже көрмедік, – дейді малын жоғалтқан С.Сәрсенбаев.
Бұл жөнінде полиция қызметкерінен сұрағанымызда, қылмыстың ашылмауына малдың жоғалғанын уақытылы хабарланбауы кедергі келтірген екен.
Заңгерлердің сөзінше, көп жағдайда тұрғындар малдарын өз күштерімен бірнеше күн іздеп, соңынан таппаған соң уақыт өткізіп барып ішкі істер органдарына арызданады. Бұл жағдай қылмыстың ізін суытпай ашуға кері әсерін тигізіп, қылмыскерлердің басқа да қылмысқа қатысуына жол берілуде.
Екіншіден, ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, жекеменшік және ұжымдық малдарға ен салу және сырғалау жұмыстары жылдан жылға төмен дәрежеде жүргізілу салдарынан ұрланған малдардың еркін сатылуына жол ашылады.
Үшіншіден, ҚР Қылмыстық Кодексіне енгізілген жеңілдіктер, яғни, ҚР ҚК-нің 175-бабының 1-ші және 2-ші бөлімдері негізінде қозғалған қылмыстық істер бойынша айыпталушыларды «қамауға» алмай, «қолхатпен» босатып, нәтижесінде шартты түрде сотталуы, олардың қылмысқа қайта баруына жол беруде.
Төртіншіден, ұрлық мал падалары жүйелі жүргізілмеген ауылдарда жиі орын алады.
Расында, мал падасы бар ауылдарды ұрлық-қарлық көп тіркелмейді. Біз Жаңарық ауылдық округіне барып, тұрғындарымен тілдестік. Ауыл ақсақалы А.Абуовтің сөзінше, бірнеше айда үш ірі қара малы жоғалыпты. Осы ауылдын тұрғыны Е.Мырзабаев та өзінің екі сиыры қолды болғанын айтты. Бұған мал падасының ұйымдастырылмауы себеп болуда екен.
Сөзімізге тұздық болсын, 2019 жылдың 12-ақпанында сағат 18-19 аралығында аудан орталығында жеңіл көліктің тіркемесіне сиыр артқан жүргізушіні тоқтатады. Тексеру кезінде малдың құжаты болмай шығады... Бұл жерде тұрғындар өздерінің малдарын ауылдық әкімдікке тіркетіп, құжат алса мұндай қиындық болмас еді. Оның үстіне, түздегі түлігіне электронды чиптер (арнайы GPS-чиптер) орнатуды жолға қойғаны дұрыс. Себебі, арнайы чип түлік терісінің астына көзге көрінбестей етіп орнатылады. Егер малды біреу айдап әкетсе, оның қайда жүргенін, қай бағытқа кетіп бара жатқанын үйде отырып бақылауға болады. Бұл жаңашыл технологияның арқасында мал ұрлаған барымташылардың ізіне түсу құқық қорғау органдарына еш қиындық тудырмайды. Тіпті, ұрылар малды сойып, бөлшектеп тастаса да тез тауып алуға мүмкіндігі бар екен.
«Мал басын сырғалау не үшін қажет?» деген сауалға аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Н.Беркімбаев былайша жауап берді:
«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидасы бар. Осы Қағиданы негізге ала отырып, ауданда түлік санын базаға енгізіп, оларды таңбалап, сырғалау тәртіпке сай атқарылуда. Бұл шара атқарылмайынша қолдағы жануардың зертханалық сараптамаға қаны да алынбайды. Ветериналық құжаты да берілмейді. Қазақы тілмен айтқанда, қолдағы малдың сайда саны, құмда ізі болмайды. Қаны алынбаған малдың ауруы да анықталмайды. Пададағы бір сиыр мен отардағы бір қойдың кеселге шалдығуы күллі ауыл малына кесірін тигізбей тынбасы анық. Оған қоса, қолдағы малды апарып сату үшін алынатын анықтама мен ветеринарлық құжат бірдейлендірілмеген малға берілмейді».
Чип орнату малшылардың жеке қаржысы есебінен жүргізеді екен. Жалпы, чиптің артықшылығы көп. Күріштің дәні секілді биологиялық инертті шыныдан жасалған капсула ішіне салынатын, жеке бағдарламалық нөмірі бар шағын электронды чип. Микрочипте батарея болмайды. Ол сканердің көмегімен іске қосылады. Сканердің әрекет ету өрісіне түскен кезде микрочип оның магниттік өрісінен қуат алып, бірегей 15 таңбалы нөмірді радиосигналмен жібереді. Чип өмір бойғы электронды сәйкестендіруді қамтамасыз етіп, жануардың жоғалуын не ұрлануының алдын алуға септігін тигізеді.

Қайбулла РҮСТЕМОВ.
23 ақпан 2019 ж. 1 148 0