№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БЛОКЧЕЙН: БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ

БЛОКЧЕЙН: БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ

  Елбасы дәстүрлі Жолдауында инновациялық және сервистік секторларды дамытуға айрықша көңіл бөлу керектігін атап өтті. Ең алдымен жасанды интеллект, блокчейн және басқа да бағытты ілгерілетуді тапсырды.
Осы тұста, блокчейн технологиясын тарқата айтуды жөн көрдік. Өйткені, бағдарламалық құжатта елдің жа­һандық аренадағы орны мен рөлі нақ тех­нологияларға тікелей байланысы болатын жеткізді. Яғни, Президент цифрлық технологияны қолдану ар­қылы құрылатын жаңа индустрияны өркендету – бұл маңызды кешенді міндет деді. Хош. Блокчейн деген не? Таңсық технологияның біз білмейтін қандай ерекшелігі бар? Банктерде, қар­жы саласында қызмет ететін адамдарға блокчейн ұғымы жақсы таныс болуы мүмкін. Алайда бұқара халықтың бұл терминді ара-тұра естіп қалғаны болмасы, оның мән-маңызына аса назар аудармайтыны айқын. Биткоин криптавалютасымен бірге ата­латын бұл терминнің қолданысқа енгеніне көп уақыт болмады. Десе де, әлем экономикасы қазір осы салаға бейімделу үстінде. Себебі, блокчейн – желідегі ақпараттарды сақтаушы, арнайы тәртіппен жасалған блоктар тізбегі. Қысқасы, ешбір орталықсыз басқарылатын цифрлық есептік көрсеткіш. Қарапайым тілде электронды валюта жүйесі деп атауға болады.
Блокчейн жүйесі бізге не үшін керек? Осы сауалға жауап іздеп көрсек. Банктермен салыстырғанда блокчейннің айырмашылығы – арада делдалсыз жұмыс жасайды. Басқарушы орталығы жоқ деген сөз. Жұмыс тәртібі мәліметтер базасы арқылы жасалынады. Мәселен, үй алу үшін үйдің – сатушының өзіне тиесілі екенін, басқа ешкімге тиесілі еместігін, нотариаттық рәсімдеу секілді ондаған жайттарды жүзеге асырамыз. Ал нотариалдық жүйе блокчейнде болса, екі тарап ешқандай делдалсыз бір-бірінің қаржылық, заңдылық әлеуетіне бірден көз жеткізіп, жұмысын бітіреді. Блок тізбектері жер-жаһанның кез келген бұрышы болмасын блокчейннің қолжетімді құжатымен танысуға мүмкіндік береді. Алайда сізде міндетті түрде криптаграфикалық алгоритммен жасалған жабық кілт болуы керек. Ендігі кезекте, болкчейннің болашағы бар ма? Бүгінде ІТ сала дамыған сайын технологияның өсу ықпалы артып келеді. Сондықтанда сарапшылардың сөзінше, блок тізбектің келешекте дамитын 5 саласы бар. Олар; шағын төлемдер, банк жүйеснің жұмыстары, логистика, заң саласы, медицина. Десе де, блокчейн бұл тек қаржы мәселесіндегі оң шешімін тапқан жүйе емес, оған қоса киберқауіпсіздікті басты назарда ұстап тұрған баламасы жоқ бағдарлама. Дереккөзіне сүйенсек, әлемде криптавалютаның 700 түрі бар екен. Оның ішінде ең танымалы – Биткоин ақшалары.
Түйіндей айтқанда, алда-жалда элек­трондық валюта, блокчейн технология жүйелері қоғам өміріне енетін болса, адамзат үшін банк, дәстүрлі валюта, ақша аударымдарының қазіргі жүйесі керексіз болады. Бүгіннің өзінде биткойн, лайткойн электронды ақ­шалары бірқатар мемлекеттерде заң­дастырылып, айналымға енген. Онда құйылып жатқан инвестициялар да миллиардтаған долларға жетіп отыр. Бұл да болса, жаһандық жаңалық. Таяу жылдары өте ауқымды өзгерістер орын алады. Әлем қазір ғарыштық жылдамдықпен дамуда. Кез келген сәтте адам ойламаған нәрселер дү­ниеге келіп жатады. Бұның барлығы бізден аса қырағылықты, шапшаң қимылдауды, жедел бейімделуді талап етеді. Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінің талабы да – осы. Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы осы талаптарға сай болуымызды көздейді.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
30 қазан 2018 ж. 1 347 0