Әркім өзін түзесе қоғам түзеледі
Әлеуметтік желі туралы айтып кетейін. Ден қойып қарап отырсаңыз ішінде бірде-бір жақсы сөз аз. Көбі ішіп кетті, жеп кетті, өлтіріп кетті, зорлап кетті деген байбалам. Дамып келеміз, алға ілгерілеп келеміз деген жаңалық кемде-кем.
Өткенде имамдар жиылған бір кеңесте ой-пікірімізді ортаға салдық, біз баяғы қоғамға келу үшін, адамды қайта ислами тұрғыда тәрбиелеу үшін он жыл, жиырма жыл жетпейді. Себебі, қазір кез келген үйде баланы неге тәрбиелеп жатырмыз. Ақша табуға. Басқа ешнәрсеге емес. Бізге мешітке медресе бітіріп келген бала бірде айлық сұрады. Мен жиырма жеті жыл жалақы алмаймын дедім. Айлық жоқ қой бұл жерде. Ол үшін бірден министрдің оқуын оқу керек еді. Біздің құлқымыз осылай болып тұрғанда қоғамды ақша билейді. Адам түзелу үшін мінезін түзеуі керек. Адами құндылық тек ақшамен есептелмейді.
Шәкәрім Құдайберді атамыз азғантай өмірді былай сипаттаған екен:
Өмірдің басы бала, ортасы адам,
Қартайып шал болған соң кетер
шамаң.
Мақтаған өмірің осы болса,
Үш-ақ ауыз өлеңмен болды
тәмам.
Сексенге, тоқсанға, одан әрі жүзге келгенше бәріміз жетістікке жетеміз деумен жүргенде өмірің осылай таусылып қалды. Не болды сонда?
Әбубәкір Сыддық деген сахаба өткен екен. Ол кісінің құран оқыған даусының әуезіне ел-жұрт маңына жиылып көбейе берген. Ол ешкімді қасыма кел деп шақырған жоқ, оның жүрек үнінің ақиқатына жіпсіз байланып, иманға ұйыды. Өзгенің жақсы болуын қаласаң өзіңнің жақсы ісіңмен үлгі болғанда айналаға пайдаң тиеді. Олай болса әркімді анадай екен, мынадай екен деп сынай бергеннен гөрі өзімізді түзеуге көп мән берсек қайырға жетер едік. Әркім өзін түзесе, қоғам түзеледі. Лев Толстойдың айтқаны бар ғой, “өзімнің кемшілігімді түсінген кезде жұртқа ақыл айтуды тоқтаттым» деген. Кемеңгер жазушының бұл да өз ғұмырынан түйген ғибраты.
Әбдіхалық НЕМАТОВ,
ауданның бас имамы.