Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ниеттің сыйлығы

Ниеттің сыйлығы


Қандай іске болмасын алдымен жақсы ниет керек. Таудай тірлік атқарылса да жақсы ниетпен бастандырылмаған жағдайда түбінде берекесі кетіп, қайыры аздау болып жататыны бар. Ал кейде шын ниетпен бел байлағанға орындай алмаса да орындалғанның сауабы жазылатыны туралы хадистерде айқындалған.
Кісі жақсы ниетпен бір іске бел буғанда, егер ұжым болып ынтымақтаса, ауызбіршілікпен жұдырықтай жұмылса ойлағаннан да артық қайырға қауышпақ. Ізгі ниетті, таза пейілді, пендесіне Құдырет өзі күш-қуат беріп, абыройға қол артып, мерейін үстем етеді. Осы жерде бір тәмсілді келтірейік:
«Бір кісі бір жерден өтіп бара жатыр еді, сол жерден бір ағаш көрді. Адамдар әлгі ағашқа орамал, қызыл шүберектер байлап, табынып жатыр екен. Бұл жағдайды көрген әлгі кісі қатты ашуланады. Үйіне келіп, қолына балта алып, әлгі талды шауып тастамаққа бекінеді. Мұның ниетін байқаған Ібіліс адам кейпінде қарсы алдынан кезігіп, былай деп азғыра бастайды:
– Сенің ол ағашта нең бар? Талды кесу туралы райыңнан қайт.
– Ол кісі ағашты кесуден тайынбаған соң Ібіліс шайтан онымен ұстаса кетті. Әлгі адам Ібілісті үш рет жерге алып ұрды. Оған күші жетпесін шамалаған Ібіліс енді айлаға көшті. Былай деді:
– Сен мына ниетіңнен қайт. Есесіне мен саған күнде төрт дирхам күміс ақша беремін.
Кісі үйіне қарай кетті. Содан әр күн сайын жайнамазында төрт дирхам күміс ақша таба берді. Бұл іс үш күнге дейін жалғасты. Үш күннен соң зым-зия жоғалды. Бұл ашуланып, қолына қайта балтасын қыстырып, әлгі ағашты кесу ниетімен жолға шықты. Ібіліс бұрынғыша тағы да адам кейпінде жолын кес-кестеді.
– Қайда бара жатырсың?
– Әлгі ағашты кесемін.
– Сенің оған күшің жетпейді ғой.
Екеуі тағы жағаласа кетті. Байқаса Ібілістің күші басым, мұны үш рет жерге алып ұрды. Ол кісі бұл жағдайға таң қалып былай деді:
– Неліктен бұл жолы сен мені жеңіп жатырсың? Менің күшім басым еді ғой?
Ібіліс былай деп жауап берді:
– Ия, өткен жолы сен мені жеңдің. Өйткені ниетің Алла жолында ағашты кесу болатын, күшіңмен де, рухыңмен де мықты едің, ал қазір дүниелік үшін ағашты кесуге шықтың. Сондықтан да сенен мен үстем болдым. Енді жөніңмен жоғал, әйтпесе мойныңды сындырамын».
Бұдан әркім өзінше тағылынды ой түйсе мақұл.
17 сәуір 2018 ж. 1 231 0