№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ақылды бала қайдан шығады?

Ақылды бала қайдан шығады?


Барлық ата-ана балаларының аман болғанын, сабағын жақсы тамамдап, адам болып өсуін қалайды. Баланың балалық шағы қуанышқа толы болса, оның болашағы да соншалық сәтті болмақ. Алайда, қалау бар да, оны жүзеге асыру көрінбей жатады. Психологтар баланы бақытты ету кей адамның қолынан келетінін айтады. Олар қандай жандар? 


Олар балаларына қоғамға қызмет ету керек деп үйретеді 

Пенсильвания және Дьюк Университетінің зерттеушілері жиырма жыл бойы Американың ішінде 700-ден аса баланы салыстырмалы түрде зерттеген. Қоғамға қарап өскен балалардың жиырма жылдан кейін парасатты азаматқа айналғанын күткен. 

Зерттеу барысында өз ортасымен ойнап-өскен бала есейгенде әр адамның халін түсініп, оған көмек қолын созуға даяр тұратынын, барлық мәселені өз еркімен еркін шеше алатынын, оқуын жақсы аяқтап, диплом алып, тұрақты жұмысқа орналасатын адамға айналатынын дәлелдеген. 

Ал бала шағында өзгелермен дұрыс қарым-қатынас орната алмаған балалар өскен соң, жазым басып, қылмыстық жазаға кесілген екен, кейбірі орналасқан жұмыс орнынан, жалпы алғанда, барынан айрылып қалған. 

«Әр ата-ана баласы аяғынан тұрып кеткенше, оған қоғамды ұғынуды, қоршаған ортада әртүрлі жағдай орын алатынын, әлемде түрлі адамдар кездесетінін айтып, ақыл беріп отырған дұрыс. Өз бетімен кеткен балалардың көпшілігі ситуациялық жағдайдан шыға алмай қалатынын осыдан. Оның арманына қанат бітіріп, мақсатына сенім ұялата білген ата-ана баласының болашақта қандай тұлға болатынын біле алады» дейді зерттеушілер. 

Олар балаларынан көп үміт күтеді 

Лос-Анджелесте 2001 жылы дүниеге келген балалардың 6 600-інен алынған сауалнама қорытындысынан ата-ананың сенімі оларға ауадай қажет екендігін дәлелдеген. «Ер жеткенде университетке түсесің, керемет маман иесі боласың деп қолпаштаған ата-аналар балаларын қиындықсыз тәрбиелеп отыр» дейді зерттеуші профессор Нил Хэлфон. 

Аналары жұмыс жасайды 

Анасы жұмыс жасайтын қыздар есейе келе барлық жұмысқа үлгеретін болады. Үй тіршілігі, үй тапсырмасын орындап, бауырларына қарап, қосымша үйірме, тіл курстарына барып та өз уақытын тиімді пайдалана алады екен. Ал анасы үйде отыратын қыздар тек сабағын ғана оқып, бой жеткенде үй шаруасына араласа алмай, оған уақыт таба алмай жатады екен. 

Ал анасы жұмыс жасайтын ұлдар 7,5 сағатын анасына көмектесумен өткізеді: үй тіршілігімен айналысып, бала қарап, сабағына да үлгереді. 

Бұл зерттеудің авторы, Гарвард бизнес-мектебінің профессоры Кэтлин Макгинн «Бұл жағдайда бала уақытты текке өткізбеу керектігін осы бастан үйрене бастайды, кімге қалай көмектесу керек, немен айналысу керектігін ұғынады» дейді. 

Олар жоғары білімді 

Бұл зерттеуде жасөспірім кезінде сәбилі болған ананың баласының мектеп бітіріп, университетке түсуі неғайбыл. 2014 жылы психолог Сандра Тангтың жүргізген зерттеуі бойынша мектеп бітіріп, ЖОО-ны тамамдаған ана жоғары білімді азаматты тәрбиелейді. Бұл зерттеудің авторы психолог Эрик Дубов осы зерттеуден ата-ананың сауатты болғаны қазіргі балалар үшін үлкен көмек екенін алға тартады. 

Олар балаларын математикаға ерте жастан үйретеді 

АҚШ-та, Канадада, Ұлыбританияда 2007 жылы өткізілген зерттеуге 35 000 мектепке жасына дейінгі балалар қатысқан. Сараптама қорытындысы бойынша ерте жастан математикаға үйренген баладан болашақта үлкен үміт күтуге болады екен. Зерттеушілер бала жастан сандардың сиқырын ұғынған баланы қолдау керектігін айтады.

Материал vk.com әлеуметтік желісінен алынды.
19 тамыз 2019 ж. 742 0