Ауылдан Олимпиадаға дейін
Ауылдан Олимпиадаға дейінӘлемге футболмен аты шыққан бразилиялықтар сынды біздің байкенжелік бағландар волейболмен республикаға танымал болып жүргеніне ширек ғасырға жуықтапты. Спорттың осы түрінің бағын жандырған чемпиондардың алды қазір ұстаз санатында ізінен ерген жас ұландарға қамқорлық танытып жүр. Солардың қатарында Рауан Қалдыбекұлымен балалық шаққа саяхат жасап қайттық.
Кісі мінезін титтейінен тануға болады. Өзі құралпы қатарластарына қарағанда дене тұрқының ірілігіне иек артады ма, әйтеуір олардан өзін бір саты жоғары санайтын өткір жанарлы өспірімнің тірлігі де ірі. Ірі болғанда бір нәрсені қиратып тастар деймісіз, тек тентектіктің бұла күші бойына симай, өзін көрсететін өзгеше қылықпен әуре-дағы. Мұнысы жөн бе, жөн емес пе, әйтеуір титтейінде не істесе де «өзіне жарасып тұр» деп еркелететін ата-ананың қолпашына иек сүйейтін еді, кейін өсе келе, қайта кейіп, зекіп тастайтын болды. Мектеп партасында 45 минутты зорға шыдап отыратын мұның физзалға кіргенінде бір бой жасап, құдайы беріп қалатыны бар. Бұл жерде бүкілімен күш сынасуға мүмкіндік бар. Барлығын жеңетініне де сенімді. Білуінше, нағашы атасы аты аймаққа белгілі палуан кісі болған. Палуан болғанда түйені жығып, пойызға лақтырып салатын қарулылығы замандастарының аузымен кейінге жеткен екен. Жиен ұл сол атасына тартқан-дағы, әзірге қатарында өзімен күші тең келер бала жоқ. Өңшең елтең-селтең доп қууға мәстір балақайлардың балағына жармасып, қашан қарасаң ойынына кедергі боп бағуды көздеп орталарында шеңбірек қаққан допты қолға түсіріп, жарып тастайтынына мектептегі ағайының да қылар қайраны қалмаған. Ол кездері доптың да табыла бермейтін кезі ғой, ішіне шүберек, шұлық бірдеңкелерді нығыздап салып доп жасап алса да ойын бәрібір тоқтамайтын. Осы кезде физзалдың ана есігінен кіріп келе жататын ағайының көзіне түспей мына есіктен жып беретін батырекең сабақ уақыты біткенше өзін алдайтын басқа ермек іздеп, басы ауған жаққа кете баратын.
Қиқар оқушы күндердің күнінде күтпеген жерден мынадай көңілсіздікке тап болмағанында осындай мағынасыз көрініс жалғаса берер ме еді, қайтер еді. Көктемнің алғашқы күні. Мектепке келіп еді, жым-жырт, жоғары кластың парталары бос қалыпты. Аулада да көзіне жан іліктірмей, тіпті бүкіл ауыл қаңырап бос қалғандай құлазып өзін тұңғыш рет жалғыз сезінді. Мектептегі бар-жоғы жетпіс-сексен оқушының жарымына жуығы спортпен айналысатын ересектердің бірі қалмай ауданға жарысқа кеткен екен. Қара жолды тосып құр қиялға берілген қалқанқұлақ қапелімде терісіне сыймай, нақ қазір алқын-жұлқын алысып, ауылдың намысын қолдан бермес үшін аламанды қыздырып жатқан солардың әрбірінің қадірін бүгін сезінгендей қабырғасы сыздап,тамағына тас тығылды. Қайраты тасып, қаҺарман болып жүретіні солар барда екен. Айналаңда айбарыңды асырып аспанға көтеретін аңқылдақ достарыңнан алабөтен бөлініп атаман болудың түк мәні жоқ екендігін де сол сәт жан-жүрегімен ұқты. Қарадай қатарынан қалып қойған осы бір мүсәпір кейпіне өзгені емес, өзін кінәлап, мектебі ғана емес- ау, ауылдың алдында кешірілмес күнә жасағандай керемет қысылған ол осыдан жарысқа кеткендер ауылға келсінші, қатарына қосылып, доп лақтырудан бәрінің алдына шықпасам Рауан атым құрысын деп тұңғыш рет өз-өзіне серт берді.
***
Кезекті жаттығу сәті. Волейбол добын саусағында ойнатып залға енген Батыр ағайларының әмірін күтпей сапқа тізілген оқушылар қатарына тұра қалуға батылы бармай, тұрған орнында состиып қалған шәкіртінің халін сергек көңілмен аңғарған ұстазының «Камалов, неге тұрсың? Сапқа түзіл:» деген командасымен алдыға ұмтылған. Сөйтіп, ағайының нұсқауы бойынша жетінші ма, сегізінші ма болып қатарға тұрды. Бойы жағынан сыныптағылардың ең биігі бола тұра аяқ жағынан орын тиген мына қоқиған сиқына титімдей ренжіген жоқ. Түсіне білгенге бұл – жаза. Қолмен істегенді мойынмен көтере білу – бұл да ерлік.
Рауанның өзінен үлкен ағасы да спортсмен болатын. Енді екеуі күн сайын түстен кейін жаттығу залына бірге баратын болғандықтан сабақтан келе сала үй шаруасындағы ата-ананың желкеге жүктеп қойған тапсырмаларын жедел бітіріп тастауға тырысып, отын да бұталып, шөп те жиналады, мал да жайланады, бәрін тап-тұйнақтай бітіруге тырысатын.
Не болғанда да біздің талапты баламыз сезінде тұрды. Алдында өзі қатысып жүрген таэквондо үйірмесінің жаттықтырушысы Рысбаев Мақсұт ағайы мектепке бухгалтер боп жұмысқа тұрып кетуіне байланысты ол топ жабылды, енді басыбүтін волейболға ден қойып, ала доптың қыр-сырын терең меңгеруге көшкен.
1998 жылы Қызылорда қаласында облыстық чемпионат өтіп, біздің ауданнан 20 қыз-жігіттен тұратын команданы бастап барған Батыр ағайларының үміті ақталып, Жаңақорған ауданы арада жиырма екі жыл өткенде бірінші орынды қанжығасына іліп, олжалы қайтқан еді. Осы жеңісте жан алып, жан беріп ойын үлгісін танытқан әлі мектеп бітірмесе де бойы екі метрге жуықтайтын осы өжет ұлдың үлесі үлкен болғанын екінің бірі мойындаса керек.
1999 жылдың 21 қазаны, оныншы сыныпта оқып жүрген кезінде Түркістан қаласында жолдастық кездесу өтіп, ол ойында да үздік ойын өрнегін көрсетті.
Орта мектепті тәмамдаған соң ХҚТУ – дің денешынықтыру және спорт факультетіне оқуға түсті. Жоғары оқу орнының құрама командасында ойнады, группасында староста болды. Сонымен қатар университетте бокс секциясына қатысып, кәдімгідей өзін дәлелдеген жігіттің сайыстарда жүлде алған марапаттары туралы қағаздары да жетерлік екен. Спорттың бұл түріне басыбүтін бет бұрғанында бәлкім ендігі «Қара белбеуді» меншіктеуі бек мүмкін екен. Міне, осында жүргенінде ұстазы, профессор Бақыт Мұхамеджановтың көп демеуін сезінді. Спорт үшін жаратылғандай шиыршық атып тұрған бозөкпенің болашағына жол ашып, ел көлемінде өтіп жататын сан аламандарда жұлдызы жарқырап танылуына жағдай жасап, сабақтан босатып, қаржысын шешіп беріп, тілеулес болып жүретін сол асыл жандардың үмітін ақтау үшін өзі де жан аямай еңбектенді. Студент кезінде, яғни, 2000,2002,2004 жылдары қатарынан үш рет Универсиадаға қатысқанында жиырманың үстінде жоғары оқу орындары түлектері арасында 5-орынға табан тірепті. Қайрат деген мықты спортшы жігітпен берік достыққа жалғасқан таныстығы осы Түркістан қаласында басталған. Ол жігіт Ұлттық Қауіпсіздік комитетіне қызметке тұрып, Атырауға қоныс аударуына тура келген. Оқу бітірген Рауанды да жанына алдырып, бұлар баяғы спорттық армандарын «Теңіз – Шевройл» компаниясы құрамасында мұнайшылар атынан қатысып, 2003-2004 жылдары ұйымдастырылған «Ыстықкөл ойындары» халықаралық жарысында дәлелдеп, алғашқы жылында жүлделі 3 орынды, келер жылы 4 орынды жеңіп алды.
2004 жылы туған жерге ат басын тіреген майталман спортшы Рауан Қалдыбекұлы осы кезде Қызылордада құрылып жатқан «Ақ маржан» командасына Жаңақорған ауданынан бірінші болып қатысқан жалғыз өкіл болатын. Қалғаны сырттан шақырылып алынған кіл спорт шеберлері атағы бар орыс жігіттері еді. Кейін ол команданың аты «Қайсар» болып өзгерді, клуб тарқады. Сол ойындардан кейін Рауан республиканың түкпір-түкпіріне шақырылып, ұлттық және жоғары лига-екі командада да қатар ойынға қатысып жүрді. Осы жылдары Қазақстан біріншілігінде екі рет «Лучший игрок» марапатын иеленді.
2005 жылы Байқоңыр кешені құрамында он жыл қатарынан чемпион болып келген кіл әскери орыс жігіттерінен құралған «Восток» командасын алғаш 3-2 есебінде жеңіп айды аспанға бір-ақ шығарған жеңісте осы Рауанның қолтаңбасы айрықша екенін барлығы мойындайды.
2005 жылдан бастап өзі қызмет атқаратын «Байқоңыр» ғарыш айлағында мұсылман жігіттерінен құралған «Строитель» командасы өмірге келді.
2008 жылдан бастап ҰҚК-ға жұмысқа тұруына байланысты комитет қызметкерлері арасында ұйымдастырылып жататын бііріншіліктерде сан мәрте чемпион атанды. Ал 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап өңіріміздегі Байкен-U» компаниясы Қауіпсіздік жөніндегі маманы, Қауіпсіздік қызметі бастығының орынбасары, одан әрі «Казатомпром» кеніші қауіпсіздік қызметінде,ал бүгінгі таңда «Қызылқұм» мекемесі Қауіпсіздік қызметінің жетекшісі.
Мақаламызды мінез туралы бастаған екенбіз. Сөйтсек, бұл мінез дегеніңіз де егер ырыққа бағындыра алсақ адамдық болмыс мәнерін айқындап, ақылмен меңгере алғанға белгілі бір мәртебе де сыйларына бұл өз өмірі арқылы көз жеткізгендей.
Бүгінде қырықтың қырқасына жақындаған мінезді азамат сол баяғы ұстанымынан әлі айныған емес. Бүгінге дейін азды-көпті ғұмырына ой жүгіртіп қараса , бұл спортты көтерсе, спорт мұны көтеріпті. Мамандығы дене тәрбиесі оқытушысы бола тұра саналы ғұмырының сатыларын сан салада салмақтап келеді. Оның ішінде қоғамның қауіпсіздігі мен елдік мүддеге қалтқысыз жауапкершілік мәселесі де қамтылыпты. Оның осындай тұғырлардан танылуына талмай еңбектенген спорттағы жетістіктері негіз қалап берді десек жалған айтқан болмаймыз.
Мықты спортшының ендігі алға қойған мақсаты - жанына спортты серік етіп, содан таяныш тапқан туған жер түлектеріне хал-қадірінше қамқорлық көрсету. Мейлі топпен болсын, мейлі жеке-дара болсын балауса талапты темір қанатқа айналдыру үшін құр талап аз, оған ең алдымен қаржылай қолдау қажет. Осы жағын мығым жауапкершілігіне алған спортшы жігітіміздің алға қойған мақсаты биік. Міне, осындай ізгі ниетті, намысты ерлер барда ауыл спорты артта қалмайды.
Бала кезден жүректе жатталып, жанға жігер сыйлап келген «Ауылдан – Олимпиадаға дейін» атты асқақ армандары орта жолда сөніп қалмай, оны одан әрі дамыта түсу үшін алған беттен таймағанда ғана ортақ бесігіміз – Қазақстанның өлемдік спорттағы Жеңіс жалауы басқа емес, нақ осы өздері туып-өскен тұғырлы мекен – Байкенжеде желбірейтініне нық сенімді.
Баян ҮСЕЙІНОВА