» » Ауылдан олимпиадаға жол

Ауылдан олимпиадаға жол

Жаңақорған ауданында мемлекеттік - жекеменшік әріптестік жобасы аясында Қожакент пен Сунақ ата ауылдық округінде салынған спорттық-сауықтыру кешенін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов ашып берген болатын. Көптен күткен заманауи үлгіде салынған спорттық нысандарда ауыл балалары қандай спорт түрлерімен айналысады. Біз болашақта Әлем және олимпиада ойындарында жерлестерімізді қандай спорт түрлерінен көретін боламыз?
Жалпы облыста спорттың материалдық-техникалық базасын нығайту, бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соңғы екі жылда 16 спорт ғимараты пайдалануға берілсе, оның 9-ы мемлекеттік-жекешелік əріптестік аясында атқарылған, ал, 7-уі облыстық бюджет есебінен салынған.
Биыл да бұл жұмыс өз жалғасын тауып, Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарында 18 жоба жүзеге асырылады. ҚР Тəуелсіздік мерекесі қарсаңында Қожакент пен Сунақата ауылдық округіндегі қос спорттық нысанда балалар спорттың 5 түріне қатыса алады. Мәселен, Қожакенттегі спорт кешенінде 350 бала спорттың 5 түрімен: ауыр атлетика, қазақ күресі, самбо, бокс, волейбол, Сунақата ауылында 800 бала спорттың 4 түрі: самбо, қазақ күресі, таеквондо, волейболмен шұғылданады.
Игіліктеріңізге пайдаланыңыздар жаңақорғандықтар!

17 желтоқсан 2019 ж. 807 0