№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауылдан –Олимпиадаға

Ауылдан –Олимпиадаға

Олимпиада ойындары бұл спорт тарихындағы ең биік белес. Төртжылдықтың басты спорт додасы саналған олимп шыңын бағындыру кез келген спортшының арманы. Жүлде алудан бұрын оған қатысып, ел намысын қорғаудың өзі үлкен жетістік. Біздің ауданда Жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан саңлақтар жетерлік. Әлі де бағындырар белесіміз алда, өйткені бұл жолда жерлестеріміздің жүріп өткен ізі қалды. Солар туралы кейінгі буынға насихаттап отыру міндет.

Жыл сайын аудан спортының өрісі кеңейіп, белесі биіктеп келеді. Спортпен шұғылданатын жастардың қатары да арта түсті. Өйткені қазір ауыл-ауылдан заманауи үлгідегі спорт кешендері бой көтере бастады. Жалпы Жаңақорған спорты немен мақтана алады десек, ең алдымен еркін күрестен бастауымыз керек. Ел егемендігін алғанға дейін жеткен жетістіктің орны бір төбе болса, тәуелсіздік алған тұста жаңа буын қалыптасты.
2008 жылы Олимпиада да жаңақорғандық балуан белдесіп жатыр дегенде теледидарға телміріп, қолдау көрсеткендер көп болды. Өйткені алғаш рет олимп төрінде жерлесіміз өнер көрсетіп жатқан еді. Бұл Бейжің Олимпиадасы болатын. Қытайда өткен байрақты додада Жасұлан Мұхтарбекұлы үздік бестіктен көрінді. Бірлік ауылынан шыққан жас балуанның жігері кейінгі буынға рух бергендей болды. Себебі одан кейін қатарынан екі рет жерлестеріміз олимп тұғырынан көрінді.

2012 жылы Лондонда өткен бәсекеге Дәулет Ниязбеков қатысып, ол да үздік бестікпен оралды. Ол бүгінде әлемдік додаларда лайықты өнер көрсетіп жүр. Әлем чемпионатында күміс пен қолаға қол созып, Азияны бірнеше рет бағындырды. Тіпті келер жылы өтетін Токио Олимпиадасына баруға тер төкті. Сыр өңіріне алғашқы жолдаманы тарту етіп, екінші рет бағын сынап көретін болады. Біз Дәулеттен алтын күтеміз, өйткені кемелденген балуан қазір бабында. Бұл оның соңғы Олимпиадасы болуы мүмкін. Сондықтан жарты ғасыр күткен алтынды қазақ еліне сыйласа нұр үстіне нұр болар еді. Бізге берген бір сұхбатында: «Бұл маған берілген екінші мүмкіндік. Қазақ елі маған үлкен сеніммен қарап отыр. Бұйыртса жүлдемен ораламын», – деген еді.
2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасы, 74 келіде бозкілемге көтерілген Ғалымжан Өсербаев жүлдеге сынық сүйем қалғанда сүрінді. Оның да жетістігі бесінші орынға тірелді. Одан кейін әскерилер арасында өткен Әлем чемпионатында топ жарды.

– Шыны керек, еркін күрес спортының тамыры сәл әріректе қалыптасқан. Сондықтан болар біздің балуандардың абыройымызды асырып жүргені. Десе де, жігіттер әлі де жігерін жанып, алға қарай жылжуы керек. Алда үлкен сындар, әлемдік додалар күтіп тұр. Оған жігіттердің дайындығы жақсы, ең бастысы карантин бітіп, спорттық жарыстар ертерек оралса дейміз, – деді аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Махмут Рахымжанов.

Айта кететіні, Қызылорда құрамасын жаңақорғандық балуандар құрайды. Дәулет пен Ғалымжаннан бөлек, Азамат Шағапұлы, Қанат Мұсабеков, Нұржан Өмірбеков, Жандос Кәрібай сынды мықты балуандар Сыр өңірінің атынан оздырып жүр. Әрине, мұндай жетістікке жетуде еркін күрестен облыстың аға бапкері Әбутәліп Амановтың, білікті бапкерлер Серік Әбдімауленов пен Ильман Изатов және т.б. еңбегі зор. Жақында өмірден озған Қайрат Оралбековтың орны бір бөлек. Өйткені аядай ғана ауылдан Олимпиадаға баратын бала тәрбиелеп шығарды.
Міне, аудан спортының сара жолы осылай қалыптасып келеді. Сондай-ақ, біздің ауданда футбол, волейбол, белбеу күресі, баскетбол, бокс, дзюдо және өзге де спорт түрлері даму жолына түсті. Әсіресе гандболдан бұрымды қыздардың жеткен жетістігі көңіл қуантады. Қазір ұлттық құрама сапында жүрген Сейітқасым Жанерке екі жылдың талай тұғырды бағындырды. 2018 жылы жасөспірімдер құрамында жүріп, Польша елінде өткен Әлем чемпионатында өнер көрсетті. 2019 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық әйелдер құрама сапында Жапониядағы Әлем чемпионатында қатысты. 2019 жылы Үндістандағы жастар арасындағы Азия чемпионатында өнер көрсетіп, Азия елдерінің үздік «БОМБАРДИЕР» номинациясы мен үздік ойыншы атанды. Биылғы жылдың Əлем чемпионаты, келесі жылдың көктемінде олимпиадаға лецезениалық-квалификациялық турнирде ҚР ұлттық құрама командасында өнер көрсетеді. Осындай қыздарды тәрбиелеп, қанатын қатайтқан білікті бапкер Құнанбай Салыбековтың еңбегі зор.
Бізде мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы спорттың да дамуы жоғары деңгейде. Қол күрестен бөлек, парадзюдодан Олжас Оразалы балуан әлем чемпионы атанды. Құрылықтық бәсекелерде де топ жарып жүр. Айта кетейік, ол Токиода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін ұпай жинайтын жарыстарға кезең-кезеңімен қатысуда. Біржан Иманбаевтан күрес әліпбиін үйренген жас балуаннан күтеріміз көп.
Түйіндей айтқанда, ауылдан Олимпиадаға апарар жолда спортшылардың жігері жасымай, тек аудан емес, аймақ абыройын асқақтатар ұландар шығатынына сенімдіміз. Барлығына уақыт төреші, ең бастысы туды желбіретіп, әнұранды шарқата алатын азаматтардың өсіп келе жатқанына шүкір дейміз.

Әли ЖАРЫҚБАЕВ
24 қазан 2020 ж. 886 0