№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ерлан Тұрсынхановтың тындырымды тірлігіне ауыл тұрғындары дән разы

Ерлан Тұрсынхановтың тындырымды тірлігіне ауыл тұрғындары дән разы

 Жержырту, каналдартазалау, егісалқабынадәнсебу, бірсөзбенайтқанда, көктемгідалажұмыстарыбасталды. Ертекөктемдеегінегугеқам-қарекетжасайтыншаруашылықтаруақытпенсанаспайіскекірісіп, техникаларынсайлауда. Әсіресе Сыр беткейдегі ауылдардың дала жұмысына деген дайындығы қарқын ала бастады. Ала жаздай тамшы тер төгетін дала еңбеккерлерінің тыныс-тіршілігін бағдарлау мақсатында Қожакентке тоқтадық. Егін шаруашылығын ширата түскен Ерлан Тұрсынхановтың тындырымды тірлігіне ауыл тұрғындары дән разы. Ел азаматы атанған шаруамен тілдесіп, мән-жайды сұрадық.

Жалпы Қожакент құт қонған ауыл. Елді мекендегі негізгі тіршілік көзі – мал және егін шаруашылығы. 70 шаруа қожалығы, 1 селолық  тұтыну кооперативі, 5 село­лық су пай­дала­нушылар кооперативі жұмыс жасай­ды. Олардың басым көбі егін шаруасына баса мән береді. Ауыл шаруашылығы саласы ғана емес, өзге салаларда белсенді Қожакент былтыр «Үлгілі ауыл» номинациясын иеленді. Егіс көлемі бойынша биылғы меже – 5 мың гектар. Ерланның «Дар­хан Е» шаруа қожалығы 400 гектардан астам жерді игеруге ниетті.
– Қожалықтың құрылғанына жыл­дан асты. Өзімізде 100 гектар жер бар, қалғанын жерлерді жалға алып пайдаланамыз. Былтыр өнім жақсы болды. Биылғы меже өнім көлемін арттырып, шаруашылық өрісін кеңей­ту болады. Әзірге канал тазалау жұмысын бастап кеттік. Былтыр З.Мұсаханов каналынан егістікке дейін 45 шақырымдай канал қазып, аяқ судан тапшылық көрмедік. Биыл 25 шақырым қаздық, әрі қосымша каналдарды тазалаудамыз, оның игілігін ауылдағы кейбір ағайындар да көреді. Қолдан келгенше әрекет етудеміз, – деді Ерлан Сұлтанбекұлы.
Былтыр қожалық күріштің әр гекта­рынан 70 центнерден жоғары өнім алса, биыл да осы межені ұстап тұруға жұмыс жасайды. Күріштен бөлек, бидай мен мал азығын дайындауға тың жерлерді игеруде. Бірақ жылда аяқ су тапшылығы орын алудан жүрексінеді. Былтыр да су тапшы болады дегенге қарамай егіс көлемі ұлғайды, бірақ барлығы жоспардағыдай жүзеге асты. Биылғы егіс көлемі 31 000 гектардан асады. Сондықтан қосымша каналдар қазып, «елде болса, ерінге тиеді» деп ауылдағы ағайынға көмек қолын созатын Ерланның қарекеті өзгеге үлгі боларлықтай. 
– Егін шаруасына 2017 жылдан бастап ден қоя бастадым. Алдымен 90 гектарды игеріп көрдім. Әбден зерделеп, қыр-сырына қанығып, былтыр қожалық құрдым. Бастапқыда қиындық болды, әрине, оны да еңсердік. Маусымдық кезде жұмыс күшін көбейтеміз, көбіне жұмыссыз жандарға қолғабыс болуға тырысамыз. Жыл сайын егіс көлемін арттыруға жоспар құрып отырмыз, биыл «Ерлан», «Береке» сынды шаруа қожалықтардың жерін игеру мақсатында жалға алдық. Жерді жырту, тегістеу жұмысын бірнеше күнде бітіреміз, қалды. Ай соңына дейін дән себуге, – деді ол.
– Ұрықты, яғни тұқымды қай­дан аласыздар?
– Былтыр Түгіскеннен алған бола­тынбыз. Биыл да Аққорғаннан алып келдік, қосымша ұрықты Шиеліден алдырудамыз. Дәнді тастамас бұрын алдымен Сабырхан Егізбаевтың лобараториясына тексеріп аламыз. Оның құрамын анықтап, нормативін білгеннен кейін дән себу ісіне кірісеміз. Мүмкіндік болса өзге аудандармен де тәжірибе алмасу ойда бар, барлығы уақыт еншісінде, әзірге жұмыс осы, – деді шаруа адамы.
– Техникадан тапшылық бар ма?
– Жер жырту, канал тазалау, көктемгі дала жұмысына техника жеткілікті. Өз күшімізбен қарекет жасаудамыз, трактор, соқа сынды техникалар бар. Тек күзгі орым кезінде комбайндар тапшылық етпесе, әзірге жұмыс жүйелі. Қожалыққа мүмкіндігінше жастарды тартуға тырысамыз, өйткені оларда мүмкіндік көп. Техника тілін түсінетін, егін-жайды білетін қабілетті жастар бар, бірақ көбіне жастар ауылға келе бермейді, – деді кейіпкеріміз.
Ата кәсібін кеңейтіп, келешекте өнімін алыс-жақын шетелге ет экспорттау жоспары кез-келген қожа­лықтың басты мақсаты. Десе де, бұл серіктестіктің мақсаты айқын. Ол – атакәсіпті арқау еткен ауылдағы ағайынның ахуалын тіктеу. Яғни қолдау қаржы арқылы жұмыс күшін көбейтіп, ауыл әлеуетінің артуына ықпал ету. Межелі мақсат та кезең-кезеңімен орындалу үстінде. Тек маңдай терді төгіп, адал еңбек ету керектігін қожакенттік шаруа естен шығарған емес. Керісінше, «егіні біткеннің қырманына қыдыр қонады» деген аталы сөзді өмірлік ұстанымға айналдырып, қарекетін жасауда.
Әли Темірбек
28 наурыз 2020 ж. 803 0