Қожакенттің қауқары қалай?
Тірлігі тындырымды, берекелі ауылдың бірі Қожакентте өткен жылы өзекті мәселелер рет-ретімен шешімін тапты. Әсіресе ауылда сүйіншілейтін жаңалық көп. Соның бірі – құны 275 млн теңге тұратын заманауи спорт кешені пайдалануға берсілсе, екінші жаңалығы – Қожакент «Үлгілі ауыл» номинациясы бойынша Сыр өңірінде үшінші орынды жеңіп алды. Бұл бүтіндей ауылдың еңбегі. Енді әкім есебіне көз жүгіртіп өтсек.

Жастар жылында қожакенттік жастар 505 000 теңге қайтарымсыз грант алудан көш басында. Кәсіп бастауға ынталы 35 жас мемлекеттік грантты жеңіп алып, кәсібін дөңгелетуде. Ал 252 000 теңгенің қаржысын 13 тұрғын алыпты. Одан бөлек әкім есебінде ауылішілік 3 шақырым көше жолдары асфальттанып, 871 метр жолға тас төселгенін жеткізді.
Былтыр салық түсімдерінен жоғары көрсеткіш көрсете алмаған ауыл биыл барлық салықтан 100 проценттен аса орындаған. Жалпы ауылда атқарылған жұмыстар жетерлік. Енді түйінді мәселелерге кезек берсек. Алдымен ауыл тұрғындары атынан Бекмұрат Тұрғанбаев негізгі қажетті төрт мәселені көтерді. Ауыз су жүйесінің ретсздігі, яғни 34 үйге құбыр жүрмегенін жеткізді. Бұл жөнінде аудан әкімі мердігер мекеме жөндеуге міндетті деді. Сондай-ақ, мектеп құрылысы, бұл жөнінде аудан басшысы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында №168 мектепке күрделі жөндеу жасалатынын жеткізді. Сол секілді көпір салу мен соғыс ардагері атына көше беру айтылды.
Әли Жарықбай