ШАРУАЛАР 1039,4 МЛН. ТЕҢГЕ СУБСИДИЯҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН
Аудан әкімінің есепті кездесуінде белгілі болғандай, өткен жылы ауыл шаруашылығы саласы бойынша 1039,4 млн теңге субсидия алуға қол жеткізген деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газетінің тілшісі.
– Ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер (субсидия) бойынша «Тұқым шаруашылығын дамытуға» 32,8 млн теңге, «Гербецидтердің құнын субсидиялауға» 7,4 млн теңге, «Тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға» 156,7 млн теңге, басым дақылдарды субсидиялауға (күріштің тоннасына) 128,0 млн теңге, су беру үшін 38,7 млн теңге төленіп, жалпы егін шаруашылығы бойынша 363,6 млн. теңге, сонымен қатар мемлекет тарапынан мал шаруашылығын қолдауға 675,8 млн.теңге субсидия төленіп, аудан шаруашылық құрылымдары жалпы ауыл шаруашылығы саласы бойынша 1039,4 млн теңге субсидиялар алуға қол жеткізді, – деді аудан әкімі Ғалым Әміреев өзінің хабарламасында.
Пікір 2