№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Жүз жылдығын ойлаған мәуелі ағаш егеді»

«Жүз жылдығын ойлаған мәуелі ағаш егеді»

Атадан мал қалғанша тал қалсын», «Бір талкессең он тал ек», «Тұт ағаштың тұтын же, тұтын жесең күтіп же». Айта берсең таусылмайтын тәмсілдерден қазақтың ағаш өсіру мәдениеті жоғары болғанын байқайсыз. Бірақ ұлттық кодтағы осы бір қасиеттің жолын, ізін таппай келеміз. Ең өкініштісі де осы. Себебі әлем экологияға бетпе-бет келіп, табиғи таза жеміс-жидекке сұраныс артқан уақытта көшет отырғызып, оны күтіп-баптап, кәдеге жаратуды басшылыққа алу маңызды. Мұның маңызын «7 кz» Сыр табиғаты» ЖШС-тің төрағасы Амантай Сарбасовтан білдік.

Біздің жұмысымызды халық бақ өсірумен шатастырып жүр. Біздің негізгі жұмысымыз – көшет өндіру. 2016 жылдан бастап тұқымбақ іске қосылып,  жылына 65 000-75 000 көшет сатылады. Оның ішінде, алма, алхоры, өрік, шие, шабдалы, алмұрт сынды жемістердің түр-түрі бар. Осы көктемде 68 мың көшет сатуды жоспарлаудамыз, – деді ол.
Тұқымбақта алманың «Голден», «Семирианка», «Мельва», «Жаздық алма» сынды сорттары жабайы алмамен будандастырылады. «Мендаль», «ММ-106», «Крепсон», «Голден», «Айва», «Талгарская красавица», «Цеплянка», «Қызыл слива», «Жылас» секілді көптеген сорттардың көшетін сатып алуға болады. Осындай жоғары сорттық көшеттер таза тұқымнан және қаламшалау әдісімен өсіреді. Сатылым бағасы – 800-1000 теңге.
Будандастырылған өнім жеміс ағашының өмір сүру жасын ұзартып, сапа­лы өнім беруін жақсартады. Оған қоса отырғызылған көшет аз уақытта алғашқы жемісін береді. Міне, осы қасиетін байқаған агроном будандастыруды қолға алып, жеміс ағашының өнімділігін арттыруда. Тұқымбақты жағалай қоршаған терек­тердің өзі жел өтінен сақтап, көшеттердің бой көтеруіне септігін тигізеді екен.
Тұқымбаққа алыс-жақын аймақтан көшет алуға келушілердің қарасы көбейе бастаған. Себебі мұнда көктеген көшет жергілікті табиғатқа бейімделген. Оны Қазақстанның кез-келген жеріне отырғызса, жемісті болатыны анық. Мұндай тұқымбақтар елде санаулы. Сапалы өнім өсірушіге сұраныс жасай келушілер Аманбай Сарбасовтан көшет баптаудың қыр-сырын сұрап әлек.
– Көшеттерге ешқандай химиялық тыңайтқыш берген емеспін. Себебі, Жаңақорғанның жері өте құнарлы. Тың жерге еккен көшеттердің алды өткен күзде алғашқы алмасын салды. Алма жердің нәрлілігінен жарылып пісті. Осыдан-ақ, топырақтың құнарлығын аңғару қиын емес, – деді білікті маман.
«Күз суар, күз суармасаң мың суар» дегендей, күздің күнгі суды қанып ішіп, күтімі жасалмаған ағаш көктемде әлсіз оянып, тіршілігін баяу жасайды екен. Шілде айында ыстыққа шыдас бермей, қурап қалады. Осы тағлеттес сұрақтарды көпшілік агрономнан көп сұрайды екен. Көшет алып, оның күтіміне мән бергенімен қуратып алып жатады. Себебі көп жағдайда дұрыс суғарылмайды. Біріншіден, көшетті отырғызып жатқанда ауаның қалып кетпеуіне мән беру керек. Сосын көшетті суландырғанда түбіне арық қазу қажет емес. Мұндай жағдайда жердің құрамындағы тұздар мен сорлар жиналып тамырын күйдіреді. Көшетті көктемде емес, күз айында отырғызған дұрыс.  Себебі қыс бойы көшеттің тамыры топырақ астында дамуын жалғастырады. Ал, аптап ыстықта  жас көшетті қорғау үшін ерте көктемнен ерекше күтіп-баптап, төзімділігін арттыру қажет.
– Жаңақорғанның желі күшті. Бұл – көшеттің алып кетуіне қиындық тудыр­майды ма?, – деген сауылымызға:
– Жаңақорғандықтар осы жел­дің пайдасын өз қажетіне жарата алмай келеді. Бұл самал балауса жас шыбықтың ырғатылып, өсу үдерісін жылдамдатынын түсінбейсіздер. Желсіз, самалсыз ешқандай өскін өспейді, – деп жауап берді.
Тұқымбақ иесі Қазақ ұлттық аграр­лы университетінің ғалымдарымен тығыз байланыс орнатқан. Бақ өсіру, көшет отырғызу туралы ғылыми жаңалықтарымен бөлісіп отыратын университет мамандары жылына 2 рет келеді. Оларға бірлесе семинар өткізіп, тәжірибе алмасады. Сондай-ақ Шымкент аграрлық колледжі, И. Әбдікәрім атындағы агротехникалық колледжінің мамандарымен жиі тәжірибе алмасады. Осының нәтижесінде тұқымбақта жаңа сорттар пайда бола бастады.
Шетелдік сорттарды Жаңақорған жеріне жерсіндіруде Амантай Бектайұлының сіңіріп отырған еңбегі зор. Бүгінде «7 кz» Сыр табиғаты» ЖШС-тің  тұқымбағынан шыққан көшеттер елдің жасыл алқабының кеңеюіне септігі тиіп жатыр.
Түйін. «Жүз жылдығын ойлаған мәуелі ағаш егеді». Осы бір мақалға бүгінгі айтпағымыздың тобықтай түйіні сыйып тұрғандай. Бабадан қалған бақтарды қайта жандандырамыз десек, көшет егу мәдениетіміз көш ілгері болса игі.

Мақпал Патенова
22 наурыз 2020 ж. 957 0