№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АҒАШТЫ КҮТІП БАПТАУ – ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

АҒАШТЫ КҮТІП БАПТАУ – ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

2016 жылы «Сыр табиғаты» ЖШС кенттің шығыс жақ шетінен тұқым бақ егуді қолға алған еді. Амантай Сарбасов басшылық ететін серіктестіктің тыныс-тіршілігін білу мақсатында арнайы барып, бағбандық жұмыстың қыр-сырына қанықтық.
– Екі жыл бұрын бірнеше жеміс ағашының тұқымы себілген еді. Соның 95 пайызы өнді. Енді оларды будандастыру жұмыстары жүргізілуде, – деп бастады ол сөзін.
Қолында будандастыратын жеміс ағашының қаламшалары мен ағаштың тілінген жерін байлайтын лента, бәкі ұстаған қыз-келіншектер қызу тірлік үстінде екен.
Топтың бригадирі Айдын Ибадуллаева сарыағаштық екен. Оны сөзге тарттым.
– 1997 жылы Ташкенттегі Шредер атындағы жеміс-көкөніс шаруашылығы техникумында агроном мамандығы бойынша бітірдім. Содан бері осы салада жұмыс жасаудамын, – деді бригадир.
Қолы епті қыз-келіншектер өрік, алша, алманың төрт түрін, шабдалының үш түрін будандастыруда.
– Ағаш егу – сауап, оны күтіп баптау – үлкен жауапкершілік. Ал, оны будандастыруға ептілік пен шыдамдылық қажет. Жемістің өнімді болуы да дұрыс будандастыруға байланысты, – деді Айдын Ибадуллаева.
Тұқым бағында бригада арасынан жергілікті тұрғындарды көре алмадық. Менің ойымды оқыған Амантай:
– Аға, жергілікті адамдарды бағбандықты үйренуге шақырдым. Жемістерді будандастырып жатқандардан тегін үйреніп қалыңдар дедім. Келмейді. Үйренуге құштар емес, – деп жауап қатты.
Біраз үнсіздіктен кейін:
– Жаңақорғандықтарда ағаш егу мәдениеті қалыптасса, аудан жасыл желекке айналар еді. Бізге тек Наурыз мерекесінде ғана емес, барлық кезде ағаш егуді кең ауқымда насихаттап, осы мерекеде жастарға ағаш егу мәдениетін үйретуді жолға қою қажет-ақ. Себебі, Пайғамбарымыз Мұхаммед (ғ.а.с.) хадисінде «Ақырзаман келіп тұрса да егер бойыңда ағаш егуге жетерлік күшің болса, онда ағаш ек» деген екен. Бұдан артық ағаш егудің маңыздылығын жеткізу мүмкін емес шығар, – дейді Амантай Сарбасов.
Қайтар жолда неге біздер бау өсіруге мына Түркістан облысының халқындай құмбыл қимылдамаймыз, шаруаға неге енжармыз деген сұраққа жауап іздедім. Шіркін-ай, біздің жастар да жұмыс жоқ деп әке-шешеге масыл болмай пайдалы еңбекпен айналысса, ең болмаса жемісті будандастыруды білсе, алысқа атшаптырып қымбат бағаға көшет алдырмас едік қой, деген ойда болдым...
Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
21 тамыз 2018 ж. 2 104 0