№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 4000 ЖЕМІС КӨШЕТІН ТЕГІН ТАРАТТЫ

4000 ЖЕМІС КӨШЕТІН ТЕГІН ТАРАТТЫ


«Туған жерге тағзым» акциясы аясында «7 kz» Сыр табиғаты» ЖШС төрағасы Амантай Сарбасов аудан және Қызылорда қаласының тұрғындарына жеміс көшеттерін тегін берді.
Жаңақорған кентінде ашылған агро-индустриялық аймақ маңынан жер алып, тұқым бағында алма мен өрік және т.б. жемістің түрлерін еккен еді. Бақтағы көшеттерге нәр бітіп, көктеп тұр. Бірақ, ендігі жылы көшеттеуге келеді. Кәсіпкердің Шорнақ ауылындағы тұқымбағында жеміс көшеттері кемеліне келген.
Қайырымы мол азамат аудан әкімі Ғалым Әміреевтің жеке қабылдауында болып, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында аудан бағбандарына тегін көшет бергісі келетінін жеткізеді. Аудан басшысы кәсіпкердің ұсынысын қуана қабылдап, көгалдандыру жұмыстарына пайдалануға пәрмен береді. Сонан кейін кенттің 100-ден астам тұрғыны мен 20-дан астам балабақшасына тегін жеміс көшеттері таратылады.
Акция ассында көшет алған кент тұрғыны Ақан Сейтқалиұлы: «Бау егуге жастайымнан құмармын. Бірнеше түп жеміс ағаштары қартайған еді. Енді оларды алып тастап, орнына алманың көшеттерін отырғыздым. Шыны керек, базардағы көшеттердің дені көгере бермейді. Ал, Амантайдың көшеттері көгеріп тұр», – деді.
Игілікті істі көрмек үшін Амантайға барғанымызда, көлікке көшет тиіп жатыр екен.
– «Қарғыс алма, алғыс ал!», деген ескіден аталы сөз қалған. Осыны ескеріп, қайырымды жұмыс жасауды ойладым. Менен Қызылордаға «Дорстройсервис» ЖШС және облыстық бірнеше басқарма 2000 көшет алды. Аудан тұрғындары мен мекемелеріне де 2000 түп жеміс көшетін тегін бердім, – деді кәсіпкер.
Амантай Сарбасовтың таратқан көшетінің бағасы – 3,5-4,0 млн. теңге екен. Бірақ, кәсіпкер маңыздысы көшеттері көгеріп, аудан жасыл аймаққа айналса болғаны дейді.
Ескіден қалған өнегеден ағаш егудің сауапты іс екендігін ұғасыз. Тіптен, Пайғамбарымыз Мұхаммед (ғ.а.с.) хадисінде «Ақырзаман келіп тұрса да егер бойыңда ағаш егуге жетерлік күшің болса, онда ағаш ек» деген хадис қалыпты.
Пайғамбарымыздың (ғ.а.с.) ағаш отырғызу ісіне ерекше маңыз бергенінің мәні бар. Себебі, ағаш адамзатқа теңдессіз, қалтқысыз қызмет етіп келеді. Адам ауасыз өмір сүре алмайтын болса, ауаны жасайтын, тазалайтын, сүзгіден өткізетін, яғни ауадағы газдарды, түрлі газдарды өзіне тартып, орнына оттегі бөлетін ағаш. Адамзат өз тарихында осы күнге дейін әлі ағаштан артық ауаны тазартатын бірде-бір қондырғы ойлап таба алмапты. Ендеше, Амантай Сарбасовты қалай мақтасақ та жарасатындай. Осындай игілікті іске біздің қалталылар неге маңыз бермейді екен?..

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
17 сәуір 2018 ж. 1 790 2

Гость Jeahulalf от 21 ақпан 2019 00:22
Mtabs Viagra Levitra Purchase Online viagra Como Tomar Compra Kamagra

Гость Jeahulalf от 11 наурыз 2019 07:12
Cialis 5 Mg Uso Diario Baclofene Quel Dosage Reputable Online Pharmacy Usa viagra Buy Bupropion From India Viagra Generico Con Pagamento Contrassegno Buy Doxycycline Boots