№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бақыт кілті – еңбекте

Бақыт кілті – еңбекте



Бүгінде еңбек етіп, кәсіп жасаймын деген адамға көп мүмкіндік бар. Нарықтың заңдылықтарын зерделеп, шаруашылығын дамытуда еңбектеніп жүрген Амантай Сарбасовтың еңбегі берекелі. Ол жылыжай кешенін дамытумен қатар тұқымбақ жұмысын меңгерген бағбан әрі кәсіпкер.

2017 жылы Жаңақорған кенті аумағында агроиндустриялық аймақ құрылғаны белгілі. Арнайы аймақта кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті тұрғындар жер алып, еңбек ете бастады. Амантай Бектайұлы да мүмкіндікті пайдаланып, 5 гектарына алма бақшасын, 3 гектарына тұқымбақ өсіруді қолға алады.
– Үш жыл бұрын жеміс ағаш­тарының тұқымы себілген еді. Соның 95 пайызы өнді. Оларды будандастыру жұмыстарын жүргіздік, – дейді кәсіпкер ағамыз.
Ақ пейіл мен жомарттық бойына дарыған кейіпкеріміз жылға азық болар көктемнің әр күнін тынымсыз тірлікпен өткізуде. Кәсібін дамыту үшін 50 000 көшетті отырғызуға Әндіжаннан арнайы жұмысшы келіншектерді алдырыпты. Агрозонаға бас сұқсаңыз шие, алхоры, өрік, шабдалы және алманың 4-5 сортының түрін табасыз.
– Мұратым тұқымбақ шаруа­шылығы статусын алып, жаңақор­ғанды жасыл желекті аймаққа айналдыруға үлес қосу. Сондай- ақ, табиғи шырын мен тосап жасап шығаратын цех ашуды жоспарлаудамын. Бүгінде нарықта сатылатын шырын құрамына химиялық боямалар қосылғандықтан адам денсаулығына зияны көп, – деді ол.
Егер бақшаңызды баптауға дайын болсаңыз, мол өнім беретін көшет іздеп, шет елге сабылмасаңыз да болады. Жеміс ағаштарының сан түрін «Сыр табиғаты» серіктестігінен таба аласыз.
– Жаңақорғанда ағаш егу мәдениеті қалыптасса, аудан жасыл желекке оранар еді. Тым науқаншылмыз. Тек наурыз мерекесінде көшет егеміз. Бірақ оның көктеуіне мән бере бермейміз, – дейді Амантай Бектайұлы.

Лаура БИБАСАРОВА.
17 наурыз 2019 ж. 1 214 0