Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Саулық қайда –байлық сонда

Саулық қайда –байлық сонда


Өмір – өмір сүру үшін беріледі. Бұл мақаланы жазудағы мақсат – жастарды жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған зиянды әдеттер жолы қандай?


Нашақорлық – бұл адамзат бала­сы­ның денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Наша­қорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселесі айқын халықаралық сипатқа ие және бұл мәселенің шешілуі біздің мемлекетіміз үшін де маңызды.
Елімізде есірткі заттарын дайындау, сақтау, тасымалдау және сату әрекеттеріне тыйым салынған. Алайда, есірткіге тәуелді тұлғалардың арасында кәмелет жасына толмаған жеткіншектердің аса қауіпті дерт – нашақорлыққа салынуы соңғы жылдары күрт өсіп отыр. Жылдан жылға есірткі қолданудың әсерінен жасалған қылмыстар саны да артып келеді.
Біреулер есірткі таратып, байлыққа кенеліп, белшесінен батып жүр, ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап, өлім құшуда. Ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда, ал біз болсақ көрмеген, білмеген кейіп танытамыз.
Есірткіге еліктейтіндер негізінен жас­өспірімдер мен жастар. Олар өлімнің не екенін терең ұғынбайтын жаста есірткіге ұрынады. Өлімнен үлкендер қорқуы мүмкін, жастар қорықпайды нашақор үшін өлім – жалған дүниемен бірдей.
Бүгінгі күні баланы қызықтыратын орта аз, қала баласы түнгі клуб, би алаң­дарына қызықса, ауыл баласы көше тоздырып, арақ-шарап ішуге әуес. Наша­қорлар неге көбейіп кетті дейсіз? Оның себебі бала тәрбиесіне көп көңіл бөлінбеуінде. Жасыратыны жоқ, көптеген ата-ана баласымен тек қана материалдық тұрғыдан ғана әнгімелесумен шектеледі, қарның тоқ па, көйлегің көк пе дегендей. Баламен әнгімелесуге, оны не толғандырып жүргенін, оның ортасы қандай, достары кім екенін білуге, жасөспірімнің бос уақытын қайда, қалай, кіммен өткізетіндігін білуге, сырласуға уақыт таппаймыз. Көбінесе ауқатты отбасының балалары қарны тоқтықтан, істейтін іс жоқ болғандықтан нашақорлыққа, есірткі сатушыларға қосыл­ғанын байқамай қалады.
Осы орайда «тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» деген ұлы Абайдың орынды тауып айтқан өлең шумағы есіңізге түседі. Жас кезінде адам қызыққыш келетіндіктен қызық көріп, біреулері есірткі дәмін татып көруден бастап, ал екіншісі басқаның мәжбүрлеуімен нашақор болып кеткендер бар. Есірткіні таратушылар қызық көріп жүрген жастарды, «инемен салмасақ болды» нашақор емессің, ал біз искейміз, одан нашақор болмаймыз деп алдауы да мүмкін. Ал шындығында, жас организм есірткінің дәмін бір рет татқан соң тәуелді болып шыға келеді. Біз бала тәрбиесін мектепке қарай ысырып қойғанбыз, содан кейін сол мектепті кіналаймыз. Бұл үлкен қателік екендігін, қайта біз мектептің және мұғалімнің беделін, мәртебесін көтеруге ықпал етуіміз керек. Біз бала тәрбиесін уыстан шығарып алдық. Өзара ұғыну психологиясы ескерілуден қалып бара жатыр, отбасында ата-ана мен бала бір-біріне суық, дағдарыс қалыптасты. Бірақ бұл дағдарысты көпшілік сезіне бермейді, өйткені әркім өз кемшілігін өзі көре алмайды, түзей алмайды. Отбасындағы дағдарыс қоғамдық денгейге қалықтап шықты, осыдан келіп өз арамызда нашақорлар мен араққұмарлар саны арта түсті. Бізде, «бала ертең-ақ өседі, ненің жақсы, ненің жаман екенін өсе келе өзі де біліп алады» деген қате ұғым бар.
Психолог-дәрігерлер: «отбасында бала ішімдік, темекі, есірткі сияқты естен айыратын әзәзіл туралы ерте бастан естігені дұрыс екендігін, бала жаман әдет туралы ерте білсе, соғұрлым тез жиренетіндігін, одан бойын аулақ ұстайтындығын» ескертеді.
Сонғы жылдары елімізде есірткінің заңсыз айналымы проблемасы жалпы ұлттық сипатқа ие болуда.

Еразақ ТІЛЕУБЕРГЕНОВ
18 наурыз 2020 ж. 814 0