№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Біз өмірді бағалай алмаймыз

Біз өмірді бағалай алмаймыз

Денсаулық. Денсаулық. Бұл бір адамға- арман, бір адамға ойыншық. Денсаулық зор байлық деген бекер айтылмаған. Кейбір адамдар денсаулықтарын қор қылып жүр. Біз бұл жағдайды күнделікті өмірде көріп те, естіпте жүрміз. Есірткіні ермегіне айналдырғандар қаншама?! Улы түтінмен уланып, өз денсаулықтарын өздері қор қылып жүргендітерін білер ме екен?


  

   Біз өмірді бағалай алмаймыз. Оған әлі түсінігімізде жете бермейді. Қәзіргі уақытта нашақорлыққа және есірткіге қарсы күрес-шаралар көптеп жүргізілуде. Елімізде ең көп етек алған мәселе- нашақорлық. Ол бізде ғана таралған мәселе емес, барлық дүние-жүзілік проблемаға айналды. Есірткі- ол адам ағзасына өте зиянды зат. Ол ең бірінші адамның жүйке- жүйесі мен миына әсер етеді екен. Есірткі қолданған адам аз уақыт рахат сезімге бөленіп, керемет әлемде жүргендей болады. Оның мұндай көңіл- күй сыйлауы уақытша ғана. Нашақорларға анасы да , достары да, бауырлары да, оқуы да қажет емес. Олардың бүкіл әлемі –есірткі. Олар сол зат үшін көптеген қылмыстарға барады. Біз дәл қазіргі уақытта «нашақорлық» деп аталатын зұлымдық заманында өмір сүріп келеміз. Көпшілікті қорқытқан осы нашақорлық өзіміздің жақындарымызды да жалмауда. Барлық нәрсе еліктеуден тұрады емес пе? Осы әуесқойлық, еліктеу көптеген жастардың , жасөспірімдердің өміріне балта шабуда.
   Орындалмаған армандар мен мақсаттар- бұл есірткі қолданатын адамның ащы өмірі. Нашақорлыққа шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түседі. Менің білуімше есірткі адам ағзасына тез бейімделеді. Есірткі – бұл витамин емес, бір-рет көріп тастап кететін! 1-рет дәмін таттың, демек сен шыңырауға қарай қадам бастың. Ал шыңырауға қарай жылжығаның, саған артқа қарай жол жоқ екендігінен хабар береді. Ерсі тілмен айтқанда бұл харам нәрсені тек білімсіз, надандар ғана қолданады. Дәл қазір біз кең байтақ, келешегі бар кең байтақ елде өмір сүріп келеміз. Бізде мүмкіндік көп. Өз болашағымыз өзіміздің қолымызда. Өмір өз қиындарымен ерекше емес пе? Өмірге деген көзқараста әр адамда әр түрлі. Өмір екі әлемнен құралған: жамандық пен жақсылық, қайғы мен қуаныш. Сол өмірдің ақ жолымен жүруде, қара жолға қадам басуымызда өз қолымызда.
Ата- бабаларымыз аманат етіп қалдырған жерге қиянат жасамай, келесі өскелең ұрпаққа жеткізу – біздің парызымыз. Ал оған жету үшін біз –өмірді шынайы қалауымыз керек! Мына заманда «Менің өмір сүргім келмейді» деп айтудың өзі өте қате пікір деп есептеймін.
   Есірткі зұлым!  Әрбір санасы бар адам мұны түсінеді. Ең бастысы- адамның ішкі жан дүниесі мықты болуы керек! Күшті рух болу керек! Сондықтан өз өміріміздің, денсаулығымыздың қадірін білуіміз керек!  «Ел болам десең бесігіңді түзе » демекші енді басын тіке көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін жігерлі, денсаулығы мықты, білімді азаматтар мен азаматшалар болуы – басты міндет.! Дені сау адам ғана салауатты өмір сүреді. Сондықтан өкінбейтіндей ғұмыр кешейік. Қамшының сабындай мына қысқа өмірде өз орнымызды табуымыз керек!Адамдық қасиетімізді жоғалтып алмайық. Есірткіге жол жоқ! Есірткіден аулақ болайық! Өмір керемет! Мен өмірді қалаймын!
А. Әділов атындағы №86 орта мектебінің 10 сынып оқушысы
Байтемір Арузат  жетекшісі: Қаппарова Ж.
16 қараша 2018 ж. 1 524 0