№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ тосқауыл қойылды

ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ тосқауыл қойылды


Есірткі бизнесі Сыр өңірінде соңғы жылдары өршіп тұр. Әсіресе, 2012-2017 жылғы қорытынды бойынша есірткі алқаптарына үнді қара сорасының дәні көбірек себіліпті. Мұны аудан әкімдігінде өткен нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы бағытталған көшпелі семинарда арнайы сала мамандары хабарлады. Бұл кәсіпке тосқауыл бар ма? Қандай шаралар жүзеге асуда? Осы сауалдарға жауапты сала қызметкерлері өткізген семинардан іздедік.
Жиынға ҚР Ішкі істер министрлігі есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция полковнигі Бахытжан Әмірханов және М.Есболатов атындағы Алматы академиясының «Жедел іздестіру тактикасы және арнайы техника кафедрасы» бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Әділ Төлмағамбетов қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Айтбембет семинарға төрағалық жасады.
Алдымен, Жаңақорғандағы заңсыз әрекеттердің легін анықтап алайық. 2017 жылы «Көкнәр-2017» жедел-профилактикалық шарасы барысында 2 заңсыз есірткі алқабы анықталған. Оның екеуі де аудан орталығында орын алыпты. Сондықтан, осындай қылмысты болдырмау мақсатында, яғни, есірткі егу қылмыстарын анықтау мақсатында былтыр аудандық бюджеттен 528 мың теңге бөлініп, бір дана «Дрон» ұшу аппараты сатып алыныпты. Оның қызметі егін алқабындағы адам аяғы баса алмайтын қара сораның бар-жоғын анықтау. Жиын барысында төраға осы құрылғыны орман алқабына жауапты мамандар мен ауыл әкімдеріне пайдалануға кеңес берді.
Сондай-ақ, аудан әкімінің 2018 жылғы №603 өкімімен аудан көлемінде заңсыз есірткі егу фактілерін болдырмау, егілуі мүмкін жерлерді анықтау, оларды алдын-алуды ұйымдастыру және әрекеттерді үйлестіру мақсатында жұмысшы топ құрылып, рейдтік шараларды жүргізу басталып кетті.
– Бұл мәселе ауданда қашанда күн тәртібінен түскен емес. Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырыстарында, аудандық қоғамдық кеңесте қаралып, кент және ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар берілуде. Сонымен қатар, жуырда «Көкнар-2018» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде есірткі алқаптары анықталғанда жергілікті және құқық қорғау органдарымен атқарылатын іс-шаралар жоспарына байланысты, семинар-кеңесі өткізілді, – деді жиын Бақытжан Ерманұлы.
Алдымен сөз алған Қайрат Әбенұлы Қызылорда облысы бойынша табылған егін алқаптарындағы қара сораны слайд арқылы көрсетті.
– Жалпы, Сыр өңірі бұл өсімдік үшін өте қолайлы аймақ. Әсіресе, өзге өңірлерден келген тұрғындар осы бизнеске аса мән береді. Сондықтан, сақ болған жөн, – деген сала маманы әсіресе ауыл тұрғындарын абай болуға шақырды. Аталған өсімдікпен ұсталған қылмыскер екі түрлі Заң бойынша тиісті жазасын алады. Біріншіден, бір жылдан екі жылға дейін сотталады немесе екі мың айлық есебінде айыппұл салынады. Ал, екінші рет қайталантын болса онда үш жылдан сегіз, мүмкін одан да көп жыл темір торға қамалатынын ескертті.
Шыны керек, есірткі келешек буынның болашағына балта шабатын індет екенін білеміз. Бұл жағдаймен қоғам болып күресуіміз керек деген құзырлы орган қызметкерлері заңсыз әрекеттерді байқаған жағдайда хабар беруді сұрады.
05 маусым 2018 ж. 1 224 0