№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Біздің отбасы – нашақорлықтан алыс»

«Біздің отбасы – нашақорлықтан алыс»


Нашақорлық – есірткі заттарға пато­логиялық дағдыланудың нәтиежесінде пайда болатын созылмалы ауру. Нашақор­лық – бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселесі айқын халықаралық сипатқа ие және бұл мәселенің шешілуі біздің мемлекетіміз үшін де маңызды. Бұған тәуелді болатын, арақ ішетін,темекі тартатын отбасыда дұрыс тәрбие берілмеген жастар кіреді.


Негізі наша – дегеніміз адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тепе – теңдікті бұзатын, рухани және физикалық тәуелдікке жол ашатын, жеке адамды психологиялық жағынан және экономикалық және әлеуметтік жағынан қиындыққа әкеліп соғатын заттар.
Біздің отбасымызда әкем 45 жыл адам дәрігер болып қызмет істеп құрметті демалыста зейнеткер. Осы істеген еңбек жылдарында осы нашақорлықты адам ағзасына зиян келтіретіндігін, жастарға насихаттап келді. Анам дәрігерлік мекемеде кіші дәрігерлік қызмет атқарып жатыр. Нашақорлықтың зиянын біледі және отбасымызда ақыл, кеңес айтып отырады.Әпкелеріммен ағаларым ешқандай есірткі қолданбайды. Ағаларым темекі тартып,арақ ішетіндердің қатарында емес. Түнде сағат 2300 –ден кейін көшеге шықпайды. Біздің отбасымызда балалар қорғалып, жақсы тәрбиеленген. Қорыта айтқанда біздің жанұямыз нашақорлыққа қарсы.
Түптеп келгенде, әр ата-ана нашақорлықтың зиянын өз ұл-қыздарына түсіндіріп, отырса және түнгі мезгілдерде беймезгіл қыдыруға тиым салып отыруы тиіс. Сонда, біздің елімізде арақ ішетін, темекі тартатын, нашақор жастар болмайды. Жастардың тәрбиесіне бірінші кезекте ата-ана жауапты болғандықтан елдегі бұл мәселені жою үшін,елдегі әр ата-ана өз ұрпақтарының тәрбиесіне көңіл бөліп, мәселені шешуге атсалысу қажет.

Аяулым САДВАКАС,
Жанақорған ауданы, Түгіскен ауылы №256 жалпы орта мектебінің 9 б- сынып оқушысы
26 ақпан 2020 ж. 1 036 0