Бруцеллезден сақ болыңыз!!!
Бруцеллез (сарып) – адам мен жануардың жұқпалы ауруы. Аурудың қоздырғышы (лат.brucellosis) суыққа төзімді, ыстыққа төзімсіз бактерия. Мұны 1886 жылы ағылшын дәрігері Д.Брюс (1855-1931ж.) тапқан. Кейіннен бұл аурудың адамға малдан жұғатыны анықталды.

Аурудың алдын-алу. Ауыл шаруашылығы жануарларын күтіп-бағу кезінде, жануарларды төлдету кезінде сақтық үшін арнайы қолғап, аяқ киім киіп, аса сақ болыңыз, әсіресе сіздің денеңізде жырылған немесе тілінген жер болған жағдайда. Үй жануарларыңыздың денсаулығын қадағалап отырыңыз, ветеринария қызметкерлерімен кеңесіңіз. Ауыл шаруашылығы жануарлары жоспарға сәйкес жылына 2 реттік зертханалық тексеруден өтеді. Айта кететін жайт 1 жасқа, яғни 12 айға дейінгі ауыл шаруашылығы жануарлары тексеруге жатпайды. Ірі қара мал 12 айдан жоғары барлық мал басы жылына 2 рет көктемде, күзде тексеріледі. Аналық бас төлдегеннен соң 14-21 күннен кейін тексеріледі. Уақ мал үшін 12 айдан жоғары барлық мал басы 2 рет көктем, күзде 1-2 ай төлдетуден кейін тексеріледі. Ауру жануарлар санитариялық союға жатады.
С.Төлегенов
ҚР АШМ ВБжҚК-нің
Жаңақорған аудандық аумақтық
инспекциясының бас маманы