№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Адам саулығы салғырттықты көтермейді

Адам саулығы салғырттықты көтермейді


Сәрсенбі күні “Жаңақорған тынысы” редакциясы ғимаратында аудандық тауарлармен көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қызметі мамандары журналистерге брифинг берді.


Брифингте белгілі болғанындай, аудан бойын­­ша сарып ауруынан 2019 жылы эпиде­миологиялық ахуал күрделеніп, күрт өсу қарқыны байқалып отыр. Атап айтқанда, жылдың жеті айында аса қауіпті жұқпалы сарып ауруының 17 жағдайы есепке алынған. Оның ішінде жасөспірімдер арасында 4 жағдай тіркелді. Былтырғы 2018 жылдың осы мерзімінде сарып ауруымен 4 науқас тіркеліп, аурушаңдық көрсеткіші 4,7-ні құраған болатын. Аурушаңдық көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 4,3 есеге жоғарылап, сарып ауруының эпидемилогиялық ақуалы алаңдатып отыр.
– Адамдар бұл ауруды қалай жұқтыруы мүмкін?
– Бұл індетті адамдар ауру малды күткенде, жан-жануарды төлдету кезінде, ауру малдың етін жіліктегенде, індеттелген малдың еті мен сүтін пайдаланғанда, сирек те болса ауа арқылы және өңдеу кездерінде жұқтырады.
Балалардағы бруцелездің негізгі жұғу жолы: алиментарлы (қайнатылмаған сүт арқылы) ауру біртіндеп басталады және көбінесе қызба болмайды. Баланың терісі бозғылттанып, лимфа түйіндері үлкейеді, тірек-қимыл жағынан әлсіз өзгерістер басталады.
– Одан сақтану жолдары қандай?
– Ауру малдарды бағып күткен кезде аса сақ болу қажет. Аурудың алдын алу үшін мына ережелерді орындау керек: малды төлдетуге, шомылдыруға, қырқуға қатысатын адамдар алдын ала 1,5-2 ай бұрын дәрігерлік тексеруден өтуі тиіс. Әр уақытта малдарды бруцеллез ауруына тексерту. Мал ауырса, түсік тастаса, мал дәрігеріне хабарлап, себебін анықтау. Ауырған малдың төлін анасынан оқшаулау, індеттелген малдарға бөлек жай , суат дайындау қажет . Ең бастысы, халық өз денсаулығына салғырттық танытпау керек. Сұрақтарға мекеменің бас маманы Нысанкүл Қауленова жауап берді.

Баян ҮСЕЙІНОВА
07 қыркүйек 2019 ж. 766 0