№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » МЕНИНГОКОКК АУРУЫ ЖАЙЫНДА ТЫҢ ДЕРЕКТЕР!

МЕНИНГОКОКК АУРУЫ ЖАЙЫНДА ТЫҢ ДЕРЕКТЕР!


Адамдардың бір жерде көп шоғырлануы менингококкті жұқтыру қаупін арттырады. 
Қажылық кезінде жаппай осы кеселге шалдығу фактілері бірнеше мәрте болғаны белгілі. Еуропада оның тұңғыш рет тарауы қажылықпен байланысты болған. Қажылыққа дейін Еуропа елдерінде менингококкпен ауыру 1-2 пайыздан аспаса, қажылықтан кейін 30 пайызға өсіп, оның өршуіне әкелген. Содан бастан екпе Меккеге немесе Мединаға қажылыққа барушы адамдардан міндетті түрде талап етілетін болған.
АУРУ ҚАЛАЙ ЖҰҒАДЫ?
Менингококк - ол бактерия. Менингококк бактериясының 12 түрі бар. Олардың 6-уы (A, B, C, W135, Y, X) адам өміріне қауіпті. Бұл бактериялар мұрын мен жұтқыншақтың шырышты қабығында болады және бір адамнан екіншісіне жеке тығыз байланыс кезінде, бір мекемеде бірге ұзақ отыру кезінде жұғады. Адамдар көп шоғырланған жерлерде ауа арқылы таралады. Сондықтан қоғамдық орындарда бетперде (маска) киіп жүрген абзалырақ.
БІЗ НЕГЕ БҰЛ АУРУДАН ШОШИМЫЗ? Адам бірәрсе жайында қаншалықты аз хабардар болса, соншалықты көп үрейлене түседі. Менингококк инфекциясына қарсы екпе әзірге Қазақстанның ұлттық тегін екпелер күнтізбесіне кірмегендіктен, менингококк туралы барлығы біле бермейді. Себебі Қазақстанда бұл ауру сирек кездеседі. Ал, соңғы уақыттары өңірлік тұрғыдан дертке шалдығудың ең жоғары деңгейі Алматы мен Астанада тіркеліп отыр. Аталған қалаларда тұрғындар санының көп болуы бұған себепші.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы менингококк инфекциясына шалдығу деңгейі жоғары елдерде екпе жүргізуге кеңес береді. Ал Менингококк инфекциясына қарсы екпе барлық елдердің күнтізбесіне енгізіле бермейді. Себебі ол ең қымбат екпе.Тіпті көршіміз Ресейдің өзінде инфекцияға қарсы вакциналау ұлттық күнтізбеге кірмейді. Әлемде тек Англия менингoкокк инфекциясы профилактикасын күнтізбеге енгізген ел.
Сондықтан тұрғындар Менингококктің алдын алу үшін екпені өз қаржыларына сатып алады. Қазіргі уақытта Мәскеуде ата-аналардың рұқсатымен 5 жасқа толмаған балаларға ақылы екпе жасалып жатыр.Біздеде дәл солай.
Айтпақшы, жұқпалы бактерия күн көзінен қорқатын көрінеді. Сондықтан күннің нұрына шомылып жүріңіз!
05 маусым 2018 ж. 1 550 0