№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » САРП АУРУЫНАН ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ?

САРП АУРУЫНАН ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ?

МАМАН КЕҢЕСІ
Сарып (бруцеллез) ауруы адам өміріне үлкен қауіп төндіретін аса қауіпті жұқпалы ауру. Сондықтан оның алдын алу жолдарын немесе аурудан сақтану шараларын әрқайсымыз білгеніміз жөн. Осы ретте сарып ауруы жайлы дәрігер-эпидемиолог Отарбеков Асқан Бердіұлымен болған сұхбатты оқырман назарына ұсынғанды жөн санадық.
– Соңғы кездері тұрғындар арасында сарып ауруы көптеп белең алуда. Оның басты себебі неде деп ойлайсыз?
– Негізінен сарып барлық жерде кең таралған аса қауіпті жұқпалы ауру және аурудың негізгі инфекция көзі – ұсақ малдар мен мүйізді ірі қара болып табылады. Бұл аурудың қауіптілігі сол - жасөспірімдерді белсіздікке әкеліп соқтырады. Ауру қоздырғыштары адам ағзасына жарақат алған тері немесе шырышты қабаттар арқылы еніп, көбейеді, қанға еніп жалпы организмді зақымдайды. Сарып ауруымен негізінен, малмен байланысы бар адамдар, атап айтқанда, малшылар, шопандар және олардың жанұя мүшелері ауырады. Сонымен қатар сарып ауруымен жиі ауыратындар қатарына жеке қожалығында малы бар адамдар менкәуапқа (шашлык) аса құмар адамдарды жатқызуға болады. Аурудың көбеюінің ең негізгі және баста себебі мал шаруашылығымен айналысатын адамдардың қарапайым сақтану шараларына немқұрайлы қарауы. Малшылар және олардың жанұя мүшелері, жеке қожалығында малы барларға ауру қайдан, қалай жұғады? Біріншіден, қарамағындағы малдар арасында сарыппен ауыратын малы бар бола тұра, мал төлдету, қырқын кезінде жеке бастың гигиенасын дұрыс сақтамайды, қорғаныш киімдерін пайдаланбайды. Ал кәуапқа жанықұмар адамдарға ауру малдың етінен жасалған толық пісірілмеген кәуаптан жұғады. Сондықтан аурудың алдын алу үшін сақтану шараларына, қарапайым гигиена талаптарына баса мән беру қажет деп ойлаймын.
– Сарып ауруынан сақтану жолдары жайлы айта кетсеңіз.
– Сарып ауруының алдын алу үшін әрбір азамат, әсіресе малмен айналысатын малшылар, қойшылар, жеке қожалықта малы барлар төмендегідей сақтық шараларын білгендері жөн:
  1. Уақытылы медициналық, тиісті зертханалық тексерулерден өтіп тұру;
  2. Малды жайғастырғанда, қарағанда, қора тазалағанда, мал төлдету, қырқым кезінде арнайы қорғаныш киімдерін пайдалану, оларды тазалағанда белгілі бір жерде сақта, жалпы киімдерден бөлек жуылуын естен шығармау;
  3. Жұмыс кезінде лас қолмен тамақ істеу, темекі шегу секілді әрекеттерді тию;
  4. Сарып ауруына аса бейім келетін, жұқтыра қалғанда мүгедектікке әкеліп соғатын 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жүкті әйелдерді мал шаруашылығына қатысты жұмыстарға мүлдем қатыстырмау;
  5. Сауда орындарындағы мал шаруашылық өнімдерінің (ет, ет өнімдері, сүт, сүт өнімдері) сапасының құзырлы органдар арқылы мұқият қадағалануы;
Қорыта келгенде айтарым, жергілікті басқару органдары және сала мамандары арқылы мал шаруашылығында тұрақты және уақытша жұмыс істейтін жұмысшылардың  жұмыс орындарын толық санитарлық-гигиеналық ережелерге сай келтіре алатын болсақ, сарыппен ауыратындардың санын едәуір азайтуға болар еді. Бұл жұмыстарға жалпы халықтың да белсене араласқаны дұрыс. Ең басты мәселе сарыппен ауру малдарды шаруашылыққа кіргізбей, ауру малдарды дер кезінде анықтап, оқшаулап, жою жұмыстарына баса мән берілуі тиіс.
Иә, маман айтқан маңызды кеңестерге зейін қойып, қауіпті аурудың алдын алуға бәріміз де атсалысайық. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздейік.
09 тамыз 2018 ж. 1 919 0