№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТҰМАУ АУРУЫНАН САҚТАНЫҢЫЗ!!!

ТҰМАУ АУРУЫНАН САҚТАНЫҢЫЗ!!!

   Ауа тамшылары арқылы тез таралатын жұқпалы аурулардың бірі – тұмау. Тұмау – көп жағдайда ауа райының салқын кезеңдерінде көптеп кездесетін тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Ауру микробтары әдетте, тұмаумен ауырған адам түшкіргенде, жөтелгенде немесе қақырғанда, сондай-ақ науқастың түкірігі арқылы ауаға тарайды.
Тұмау вирусы науқас адамның ыдыстары, сүлгісі және басқа да күнделікті тұтынатын заттары арқылы да жұғады. Сондықтан тұмауды өткізіп алмау үшін және оны айналаңыздағыларға жұқтырып алмау үшін дер кезінде емдік шараларын қабылдаған жөн. Ол үшін тұмаудың алғашқы белгілеріне баса мән беру қажет. Тұмауратқан адам көбінесе әлсін-әлсін түшкіре бастайды, оның дене қызуы көтеріліп, буын-буындары сырқырап ауырсына бастайды, сондай-ақ үздіксіз жөтеледі, көз-мұрындарынан су аға бастайды. Осындай алғашқы белгілері байқалысымен емдеу шараларын жедел қолға алыңыз. Тұмауды асқындырып алмай тұрып медициналық көмекке жүгінген дұрыс. Ең әуелі науқастанған адамды отбасы мүшелерінен оқшаулап, таза ауамен желдетілген оңаша бөлмеде ұстаңыз. Науқастың пайдаланған заттарын зарарсыздандырмай тұрып пайдалануға болмайды. Науқас тұтынған заттарды қайнаған суда булап, үнемі сақтық шараларын жүргізу қажет. Тұмаумен ауырған адам да, оны күтуші де сақтық шаралары үшін міндетті түрде бетперде киюлері тиіс. Себебі, тұмау аса жұқпалы аурулар тобына жатады.

   Тұмаудың алдын алу үшін денсаулығыңызға көңіл бөліп, мүмкін болса спортпен шұғылданып, таза ауада жиірек серуендеп, дұрыс тамақтануға тырысыңыз. Ең дұрысы, тұмауға қарсы егу шараларын қабылдаңыз.

18 желтоқсан 2018 ж. 1 651 0