Пәндік олимпиаданың жеңімпазы белгілі болды
№3 мектеп-интернат базасында 7-9 сынып оқушылары арасында ұлағатты ұстаз, білікті басшы, «Қазақстан Республикасы Оқу үздігі» белгісінің иегері Арасат Фейзулдаев атында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық пәндік олимпиадасы Сыр өңірі білімпаздарының басын қосты. Биыл екінші рет ұйымдастырылған олимпиада қатысушылары тіл заңдылықтары бойынша тест сұрақтарына жауап беру және берілген тақырыпта эссе жазудан
сынға түсті.
Алдымен ұлағатты ұстаз, білікті басшы жөнінде тоқтала кетсек. Ол еңбек жолын өзі оқыған №51 орта мектебінде мұғалім болып бастайды. 1963-1973 жылдары №55 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 1973 жылы Түгіскен кеңшары партия комитеті хатшысы қызметін атқарады. 1981 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін №3 мектеп-интернатына басшылыққа етеді. Арасат Фейзулдаев мектепке басшылық еткен жиырма жылда білім ордасы Республика бойынша таңдаулы 100 мектептің қатарына қосылады.
1995 жылы 19 маусымында «Дарынды балалар мектебі» статусын иеленген блім ордасы толықтай жаңаруға бет түзеді. Білікті кадрлар мен білімді шәкірттер конкурс арқылы іріктеліп, сапа деңгейі артты. Республикалық, облыстық пәндік олимпиадаларда өңірдегі үш таңдаулы мектептің бірі ретінде көрінді.
Іскер басшы «Қазақ ССР Оқу ісінің үздігі» белгісімен марапатталды. Халықтың қалаулысы атанып, екі рет облыстық мәслихатқа депутат болып сайланды. Мұғалімдердің республикалық VІ съезіне делегат болып сайланды.
Облыстық олимпиаданы мектеп директоры Ләззат Нәлібаева мен «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы директорының орынбасары Гүлжахан Ізбасарова ашып, адами капиталды дамытудың маңызына тоқталды.
Расында адами капиталдың сапасына сұраныс артты. Өйткені адам капиталы мемлекеттің бәсекеге қабілеттігін арттырудың қажетті ресурсы болып табалады.
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында: «Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс», – деді. Бүгінде жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқушыларға сапалы білім беру басшылыққа алынса, түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадалар оқушының білімін таразылап, ілімін жетілдіруде таптырмайтын жоба. Сондықтан биыл Сыр өңіріндегі мектептер 37 үздігін білім додасына қосып, олардан жүлде күтті.
Сонымен әділ қазы алқасының шешімімен №277 мектептің 7 сынып оқушысы Дилара Жаңбырши (Қармақшы ауданы), №38 мектептің 8 сынып оқушысы Мерей Ырсымбет (Жалағаш ауданы), №207 мектептің 9 сынып оқушысы Диана Байділда (Шиелі ауданы) үздік деп танылды. Екінші орынды 7 сыныптар аралығында №19 мектеп оқушысы Бағила Қуанышева (Арал ауданы) мен №45 мектеп қатысушысы Әсел Сыздықова (Шиелі ауданы) иемденді. Ал 8 сыныптар аралығында Қазалы мен Қармақшыдан келген Ақерке Күнсейітова мен Назерке Нұртазаева, Гүлсезім мен Аружан екінші орынды алды. 3-орынды 12 талапкер олжалады.
Олимпиада жүлдегерлеріне арнайы дайындалған Арасат Фейзулдаев атындағы медаль табысталды және Фейзулдаев әулеті тағайындаған сыйлықтар тарту етілді.
– Арасат Фейзулдаұлы үлкен жүректі ұстаз. Кешегі тоқсаныншы жылдарғы тоқырау кезеңдерде мектептің беделін биікке көтеріп, білім беру мазмұнын жүйеге келтірді. Қаншама шәкірт тәрбиелеп шығарды, артына саналы ұрпақ, ағарту саласында өшпестей із қалдырды. Бүгінгі Сыр елінің озат оқушыларының басын қосып, жас ұрпақ ұлағатында саналы ғұмырын сарп еткен елжанды азамат, парасатты педагог, білікті басшы Арасат Фейзулдаевты еске алуға арналған бұл тағлымды шараның жас ұрпақ бойында отансүйгіштік сезім, асқақ рух, ұлтымызға тән барша құндылықтарды қалыптастыруда, ұрпақ сабақтастығын жалғастыруда тағлымы зор деп есептеймін, – деді ардагер ұстаз Зинабдин Шермағанбетов.
Шараны қорытындылау сәтінде ұстаздың жары, «Батыр ана», «Қазақ ССР Оқу ісінің үздігі» Зарипа Рахманбердіқызы сөз алып, ұстаздық аманатына адалдықпен өткен жарының өткенінен сыр шертіп, байқау ұйымдастырушыларына разылығын білдірді.
– Биыл екінші рет ұйымдастырылған оқушылар олимпиадасы өз деңгейінде өтті. Әрине мұндай жоғары деңгейдегі байқауларды әсте мектептерде өткізу ауыр. Бірақ Ләззат Машбекқызы басқаратын ұстаздар ұжымының бірауызды ынтымақты бастамалары бәрімізді де қуантады. Жалпы алғанда бұл дәстүр жадғасын тауып, ұлағатты ұстаздың есімі мәңгі өлмейтініне сенімдіміз, – деді Гүлжахан Сағындыққызы.
Пән олимпиадасын қорытындылаған салтанатты шарада мектептің өнерлі өрендері ұстаздың өмір жолынан көрерменге концерттік қойылымды тарту етіп, кеш шырайына рухани-көркемдік өң дарытты. Міне, жастарды шығармашылық тұрғыда рухани демеп, шабытын шыңдайтын тағы бір тағылымды олимпиада мәресіне жетті.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.