№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАСТАР БІЛІМДІ БОЛСЫН ДЕСЕК...

ЖАСТАР БІЛІМДІ БОЛСЫН ДЕСЕК...

 Мектеп пәндерін оқуға қызығушылықты арттыруға, дарынды оқушыларды анықтауға ықпал етуге пәндік олимпидалардың орны ерекше. Осы ретте, №3 мектеп-интернат тым қадам жасап, Арасат Фейзулдаев атындағы облыстық пәндік олимпиаданың өтуіне ұйытқы болмақшы.

Құптарлық бастама. Себебі, пән олимпиадасына дайындық, оқушының логикалық ойлау формасын дамытып қана қоймай, ғылымға деген көзқарасын қалыптастырады. Егер олимпиадаға жоспарлы әрі сапалы дайындық жүргізілсе, оқушының алғырлығы арта түседі. Бұл – ғылымға ғана көзқарасын қалыптастырып қоймай, болашаққа деген нық сенімін бекітіп, биік мақсаттар қоюға дағдыландырады.
Пәндік олимпиадалардың тарихын зерделесек, Еуропа елдерінде ХХ ғасырдан бастау алады екен. Мәселен, Германия, Франция «ғылым бәсекесі» деп аталса, Қытай, Жапония, Кореяда «зейін бәсекесі» деген атпен өткізілді. Ал, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғылым мен техникаға мән берген барлық елдерде басталды. ХХ ғасырдың 50 жылдары АҚШ «Жас ғалымдар олимпиадасы» деген атпен алғаш рет Республика деңгейінде пән олимпиадасын ұйымдастырды.
1974 жылы алғашқы Кеңестік олимпиадалар ұйымдастырыла бастады. Елімізде алғаш рет 1992 жылы Қызылорда қаласында бес пәннен Республикалық пән олимпиадасы өткізіліп, білімпаздар анықталды. Содан бері елімізде пәндер бойынша аудандық, облыстық және республикалық олимпиадалар өткізу дәстүрі қалыптасқан.
Дегенмен, «Дарын» орталығының қолдауымен өтетін Арасат Фейзулдаев атындағы облыстық пәндік олимпиада оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен білімін тереңдетіп меңгеруіне ықпал ететініне сенемін.
Сыр өңірі жастарының басын қосатын пәндік олимпиада дәстүрі жалғасын тауып, оқушылардың білімін шыңдайтын, ізденісін арттыратын сайысқа айналсын.
Бүгінде менің екі немерем мектеп-интернатта білім алады. Орта сыныпта оқитын олар олимпиадаға қатыспаса да, қызығушылық танытуда. Әрі білімге деген ізденісін арттыра түскендей.
Жастардың білім бәсекесінде шыңдалуына қолдау жасаған аудандық білім бөліміне, оны ұйымдастыруды мойнына алған №3 мектеп-интернатының ұжымына алғыс білдіремін.
Іскерлік, ұйымдастырушылық қабілет-қарымымен ерекшеленетін Ләззат Нәлібаеваның бастамасы жастардың бәсекеге қабілетті болып қалыптасуына жол ашсын!..

Әдемі ДӘРІБАЕВА,
№3 мектеп-интернатының ата-аналар
комитетінің төрайымы.
22 қараша 2018 ж. 1 100 2

Гость Jeahulalf от 24 ақпан 2019 04:05
Viagra Generico Cialis Viagra Quebec Cephalexin Dose For Dogs viagra Lynoral Nemazole Without Prescription Buy Metronidazole 500mg No Prescription

Гость Jeahulalf от 13 наурыз 2019 05:54
Quotazione Propecia order cialis online 2 Clomid Part Jour Amoxil Canada Online