№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Арасат Фейзулдаев атындағы қазақ тілі, әдебиетінен өткен оқушылардың облыстық пән олимпиадасы

Арасат Фейзулдаев атындағы қазақ тілі, әдебиетінен өткен оқушылардың облыстық пән олимпиадасы

   «Мен Арасат атаның шыққан асқар шыңын көріп тұрмын». Аудан орталығындағы №3 мектеп-интернаты базасында өткен парасатты педагог, ұлағатты ұстаз, білікті басшы Арасат Фейзулдаев атындағы қазақ тілі, әдебиетінен өткен оқушылардың облыстық пән олимпиадасына Арал ауданынан келіп қатысқан жеткіншек өзі жазған эссе тақырыбын осындай ой өрнегімен бастапты. Бала көңілі – періште емес пе? Біз оған сендік. Бір ғажайыбы, шәкірт қиялына бұл қайдан келді? Мұны ұстаз рухына құрметтің құдіреті деуге болар...

Облыстық пән олимпиадасының ашы­лу салтанатына аудан әкімі Ғалым Әміреев арнайы келіп, жас талап­керлерге сәт сапар тіледі.
– Пәндік олимпиада ғылымның ал­ғаш­қы баспалдағы, оқушылардың ой­лау формасын дамытып, ғылымға деген көзқарасын қалыптастырып, болашаққа бағдарын айқындайтын ізденіс жолы.
Соңғы кезде ғылымға, инновацияға ерекше мән беріліп келеді. Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқу бағдар­ламасын жалпы білім беретін орда­лардың негізгі бағдарына айналдыру міндеті тұр. Осы үлгіні тиімді игілікке бағыттауда Ләззат Нәлібаева басқа­ратын №3 мектеп ұжымында үлкен ұмтылыс зор екен. Бұл өте қуантарлық талап. Сыр елінің озат оқушыларының басын қосып, жас ұрпақ ұлағатында саналы ғұмырын сарп еткен елжанды азамат, парасатты педагог, білікті басшы Арасат Фейзулдаевты еске алуға арналған бұл тағлымды шараның жас ұрпақ бойында отансүйгіштік сезім, асқақ рух, ұлтымызға тән барша құндылықтарды қалыптастыруда, ұр­пақ сабақтастығын жалғастыруда тағ­лымы зор деп есептеймін, – деді ол.
Еңбек жолын аудан орталығындағы өзі оқыған №51 орта мектебінде ұстаз болып бастаған А.Фейзулдаев 1963-1973 жылдары Бірлік орта мектебі оқу ісі меңгерушісі, 1973 жылы Түгіскен кеңшары партия комитеті хатшысы, болып қызмет атқарды.
Аудан орталығындағы №3 мектеп-интернатына 1981 жылы басшылыққа келіп, жиырма жыл қажырлы қызмет атқарды.
Білімнің алмайтын қамалы жоқ. Мә­селе осы түпсіз қазынаның кілтін аша білуде, жауһар құндылығын бала жүрегіне еге білуде. Осыны зер­десіне мықтап түйген зерек басшы шәкірттерін терең біліммен жан-жақты қаруландыруға көп қайрат жұмсады. Өз саласының мықты маманы деп танылған жас талаптарды қарамағына қызметке шақырды. Қазақ тілі және орыс тілі мұғалімдері Ұлбала Бекмырзаева, Гүлсім Ахметова, физика, информатика пәні мұғалімдері Шолпан Мажитова, Мира Жандарбекова, биология пәні мұғалімі Сәуле Орынханова сынды ұстаздарды Арекеңнің қалауы түскен және сенімін артығымен ақтаған аяулы тұлғалар деуімізге әбден болады.
Арасат Фейзулдаев мектепке бас­шылық еткен жиырма жылда білім ордасы Республика бойынша таңдаулы 100 мектептің бел ортасынан орын алды. 1995 жылы 19 маусым күні «Дарынды балалар мектебі» статусын иеленген оқу ошағы толықтай жаңа­руға бет түзеді. Білікті кадрлар мен білімді шәкірттер конкурс арқылы іріктеліп, сапа деңгейі артты. Мәселен, 1997-2001 оқу жылдары мектеп бітірген 83 оқушының 24-і «Үздік аттестатқа» ие болды. Республикалық, облыстық пәндік олимпиадаларда өңірдегі 3 таңдаулы мектептің бірі ретінде тұрақ­ты рейтинг қалыптастырды.
  Іскер басшы, инициатор тұлға Арасат Фейзулдаев «Қазақ ССР Оқу ісінің үздігі» белгісімен марапатталды. Халықтың қалаулысы атанып, екі рет облыстық мәслихатқа депутат болып сайланды. Мұғалімдердің респу­бликалық VІ съезіне делегат болып сай­ланды.
Асыл азаматтың алға қойған мұраты бұдан да биік болатын. Тағ­дыр талайының пенде таңдауымен санаспайтын кезі көп екен, көп арманы көңілінде кетті...

Олимпиада жүлдегерлері анықталды

Ұлық ұстаздың құрметіне өңірі­міз­де тұңғыш ұйымдастырылған бай­қау сынағы қорытындыланып, тіл заңдылықтары бойынша тест сұрақтарына жауап беру және берілген тақырыпта эссе жазудан сынға түскен талапкерлерден жеңімпаздар анықталды. Бірінші орынға Жаңақорған ауданы №3 мектеп-интернаты 8 сынып оқушысы Айман Санаққызы, Қызылорда қаласы №197 мектеп 7 сынып оқушысы Назия Қайырбек және №40 Қызылорда қаласы дарынды мектеп интернатының 9 сынып оқушысы Ақмарал Аманжолова ие болды.
Екінші орынға Қармақшы ауданы, №272 мектеп, 7 сынып оқушысы На­зерке Нұртазаева, Қармақшы ауданы, №277 мектеп, 7 сынып оқушысы Ғазиза Жұмамұратова, Жалағаш ауданы, №118 мектеп, 7 сынып оқушысы Қара­қат Молдабекқызы, Қазалы ауданы, №16 мектеп, 8 сынып оқушысы Аяулым Зұлхарнай, Жалағаш ауданы, №38 мектеп, 8 сынып оқушысы Ақбота Әбілқасым, Шиелі ауданы, №47 мектеп, 8 сынып оқушысы Диана Баймырзаева, Арал ауданы, №83 мектеп, 9 сынып оқушысы Ақбота Шүкірбаева, Сырдария ауданы, №37 мектеп, 9 сынып оқушысы Талшын Серікқызы, Қызылорда қаласы, №136 мектеп, 9 сынып оқушысы Дильназ Алматқызы, Қызылорда қала­сы, №9 мектеп, 9 сынып оқушысы Минуар Мұхамедшәріп ие болды.
3-орынды осындай 18 талапкер ол­жалады.
Олимпиада жүлдегерлеріне аудан әкімі Ғалым Махмұтбайұлы Дипломын табыстап, ескерткіш ретінде ұстаз бей­несі қондырылған статуетка табыс етті. Арнайы соқтырылған Арасат Фейзулдаев медалімен марапаттады.
Сонымен қатар, Фейзуллдаевтар отбасы тағайындаған сыйлықтар тарту етілді.

«Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы директоры Қарлығаш Дауылбайқызы былай дейді:

– Облыстық олмпиаданы аудан мектептерінде өткізу көбіне мүмкін бола бермейді. Шарттарын меңгеру ауыр. Осындай жауапты қадамға жү­рек­сінбей барып, оны абыройлы атқара білген мектеп ұжымы бұл мәреге үлкен сатылардан өтіп келді. Бірнеше жыл қатарынан ұстаз атында түрлі деңгейде шаралар өтті, бұл сол үздіксіз ізденісті жұмыстардың жарқын жемісі. Бұл жолдағы Ләззат Машбекқызы басқаратын ұстаздар ұжымының бір­ауызды ынтымақты бастамалары бәрімізді де қуантады. Сонымен қатар осындай игі іске қамқор қолдауларын аямай, жан-жақты демеуші болған ардақты ұстаздың ұрпақтарының әке аманатына адалдығын, айналып келгенде, тәуелсіз еліміздің жарқын бола­шағына таудай қызмет деп есеп­тейміз. Бұл екінің біріне бұйыра бер­мейтін бақыт.
Пән олимпиадасын қорытындылаған салтанатты шарада мектептің өнерлі өрендері ұстаздың өмір жолынан көрерменге концерттік қойылымды тарту етіп, кеш шырайына рухани-көркемдік өң дарытты.
Шараны қорытындылау сәтінде сөз алып, ризашылығын іркіп қала алмаған ұстаздың жары, «Батыр ана», Қазақ ССР Оқу ісінің үздігі Зарипа Рахманбердіқызы сөз алып, өмір бойы жанын аямай, ұстаздық аманатына адалдықпен өткен асыл жарының кезінде атақ-марапатқа да ұмтылмай, халқыма бір пайдам тисе соған ризамын деген аппақ ниетінің иесін қандай ұшпаққа шығарғанына шынайы өзі көз жеткізе алғанына тәубе деп, разылығын жасырмады.
Аяулы әріптесі жөнінде осы бас­қосуда жан-жақты баяндаған Қа­зақ ССР Оқу ісінің үздігі, «Ыбырай Алтынсарин» медалінің иегері Зинаб­дин Шермұхаммедұлы осы білім шаңырағын өзі де он жыл басқарып, зейнетке шыққанын айтып, оқу мен тәрбие сапасы жөнінен «Таңдаулы 100 мектеп” санатына ешуақытта сын түсірмеген педагогикалық ұжымына шын ризашылығын жеткізді.
Келесі сөз лаған мектеп директоры Ләззат Нәлібаева келген қонақтарға рахметін айта отырып, сөзін былай түйіндеді:
– Өзі өмірден өтсе де Ұстаз тағы­лымының жалғаса беретініне Арасат Фейзулдаев ағаның өмірі дәлел.
Бұл қарашаңырақ Әшірбеков Әбіла­сан ағадан бастау алған дәстүр сабақтастығына адалдық танытып келе жатқан киелі орда. Арамызда көненің көзін көрген әріптестеріміз де бар. Ұлық ұстаздар үрдісінің ұмытылмай жаңаша мазмұнмен жарқын жетістікке жалғасып жатуында олардың әрбірінің орны үлкен. Біздің барша жетістігіміздің кілті де осында жатыр, – деді ағынан жарыла.

Түйін. Өңіріміздің әр түкпірінен білім бәсекесіне қатысуға тілек біл­дірген 61 өрен бір күн бұрын келіп, мейірлі мекеннің төсегінде бір күн түнеп, білім ошағының болмысын бойларына дарытып, таңертеңгі астан соң мектеп алдына қаз-қатар сап түзеген. Кенет аппақ полотноға бейнеленген ұстаз бейнесі мектеп шаңырағынан төменге бірте-бірте түсіріліп, көктен түскендей көңіл-күй сыйлап, көз алдарында жарқ етті. Күлімсіреген келбеті өзін ұлықтап келген ұландарды еркелетіп, бар жақсы лебізін үнсіз ұқтырып тұрғандай. Кешеден бері кемел тұлға туралы кең түсінік алып, абзал ағаны түстерінде көріп шыққан түлектерге бұл көрініс ерекше әсер етті. Мақаламыздың басында атап көрсеткендей, өрендердің Арасат аталарын асқар шыңнан көрулерінің сыры сондықтан.
Бұл күн жас ұландар жүрегінде мәңгілік жатталып қалды.
24 қараша 2018 ж. 1 770 2

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 10:58
Canadian Pharmacy Best Rx Clomid Produit Alternativa Alla Crema Di Propecia http://ausgsm.com Viagra Se Vende Con Receta Buy Liquid Doxycycline

Гость Jeahulalf от 9 наурыз 2019 20:00
Levothyroxine For Sale Online Buy Cheap Amoxicillin No Prescription Viagra Kaufen Bewertung generic cialis canada Dosage Prednisone In Humans Ou Trouver Cialis Sur Le Net