Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 59

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Арасаттың шыңы

Арасаттың шыңы

     

«Мен Арасат атаның шыққан асқар шыңын көріп тұрмын». Аудан орталығындағы №3 мектеп-интернаты базасында өткен ұлағатты ұстаз Арасат Фейзулдаев атындағы қазақ тілі, әдебиетінен өткен оқушылардың облыстық пән олимпиадасына Арал ауданына келіп қатысқан жеткіншек өзі жазған эссе тақырыбын осы ой өрнегімен бастапты. Бала көңілі – періште емес пе? Біз оған сендік. Бір ғажайыбы, шәкірт қиялына бұл қайдан келді? Мұны ұстаз рухына құрметтің құдыреті деуге болар...
Облыстық пән олимпиадасының ашылу салтанатына аудан әкімі Ғалым Әміреев арнайы келіп, жас талапкерлерге сәт сапар тіледі.
– Пәндік олимпиада ғылымның алғашқы баспалдағы, оқушылардың ойлау формасын дамытып, ғылымға деген көзқарасын қалыптастырып, болашаққа бағдарын айқындайтын ізденіс жолы.
Соңғы кезде ғылымға, инновацияға ерекше мән беріліп келеді. Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасын жалпы білім беретін ордалардың негізгі бағдарына айналдыру міндеті тұр. Осы үлгіні тиімді игілікке бағыттауда №3 мектеп ұжымында үлкен ұмтылыс зор екен. Бұл өте қуантарлық талап. Сыр елінің озат оқушыларының басын қосып, жас ұрпақ ұлағатында саналы ғұмырын сарп еткен елжанды азамат, парасатты педагог, білікті басшы Арасат Фейзулдаевты еске алуға арналған бұл тағлымды шараның жас ұрпақ бойында отансүйгіштік сезім, асқақ рух, ұлтымызға тән барша құндылықтарды қалыптастыруда, ұрпақ сабақтастығын жалғастыруда тағлымы зор деп.
09 тамыз 2019 ж. 606 0