№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

ТАКСИСТ...

Үйір-үйір есектерді көрген сайын 90 жылдардың аяғы есіме түседі де тұрады. Ол кезде ауылда есек тапшы болатын. Егіс басына баруға таптырмас көлік еді ғой, шіркін! Тіптен, кент тұрғындары есек арбаларға мініп отын таситын. Қазір сол есектердің қадірі қашты. Себебі автокөлік көбейді. 
Осындайда жап-жас таксист жігіттің сөзі есіме оралады. 
«Қаладағы И.Әбдікәрімов атындағы агро-техникалық колледжді бітірместен ауылға келдім. Колледжді жалғастырып оқығым да келмейді. Қазір өзіме қажетті күнделікті қаржыны таксиден айырып жүрмін. «Қой дейтін қожа» жоқ. Өзіңе-өзің бастықсың.
Басқа жұмыс іздеуге ниетім де жоқ», – деді жас таксист Елтай.
Айтқаны орынды-ақ. Ойынан бір мін таппайсыз. Алайда Елтайдың ертеңіне алаңдамайтыны қынжылтты.
Кеше ғана ауылдың «брент көлігі» болған есектер ешкімге қажетсіз болып, далада жүр.   
Таксист қызметі де ондаған жылда ешкімге қажетсіз қызметке айналмасына кім кепілдік бере алады? Ешкім де бере алмас. Өйткені заман өте жылдам қарқынмен дамуда. Бүгін қажет болған зат, ертең түкке жарымсыз дүниеге айналуда.
Бірнеше жыл бұрын Жапонияда програмамен жұмыс жасайтын автокөлік шықты. Әлгі көлікке отырып, «пәленше жерге бару қажет», деп бұйрық бересіз. Роботтанған көлік сізді тиісті мекен-жайға жолда жүру ережесіне сай, жол апатынсыз жеткізеді екен. Ол ерте ме кешпе бізге де келеді. Бұл жаңалық бізге 20 жылдан кейін келсе не болмақ. Елтай елуді алқымдап қалған тұлға болады. Ал жұмыссыз қалған жағдайда... Еш жерде жұмыс жасамаған маман біреуге қажеті шамалы-ақ болады.
Оның үстіне кентте де ауылдық жерде де автокөліктердің саны артуда. Демек, такси қызметі аздаған жылда қажетсіз болып қалуы бек мүмкін. Сонда әлгі таксист жігіт есектер секілді далада қалмай ма?
Хакім Абай «Есектің артын жуда ақша тап» дейді. Ақынның ойымен таласа алмаймыз. Алайда жастар жігерін, күшін ел дамуына жұмсаса.     
Егер зейнетке шыққан кісі болса сөз басқа. Ал жалындап тұрған жастар өмірін таксист қызметіне арнағаны көңілге қаяу түсіреді. 
Айтқандай, бүгінде орталық базар жақтағы таксистер туысын көрсе қашатын әдетті шығарыпты. Себеп біреу. Туысы жол ақысын төлемеуі мүмкін. Керек десеңіздер, ата-анасын отырғызбайтындар да бар осы күнде. 
***
Таксист туралы сөз қозғадық қой! Орайы келген соң айтайық. 
90 жылдардың қиын-қыстау уақытында ағайын мен көршілер арасында ерекше нәзік әрі берік қатынас болушы еді. Осы байланысты нарық деген алапат күйретті. Сенбесеңіз ойымыздың ақиқатына үңіліңіз.
Сол кездері бір-біріне тұз алмасып, нан беретін көршілер, бүгінде қалаға немесе аудан орталығына баратын болса, не болмаса үйінен емханаға бару қажет болса таксист көршісін жалдайды.
Көрші таксист өткен ғасырдың аяғындағы ырысты күндерді ұмытып, айтқан жерге келіскен қаржыға алып барады. Бұл – уақыт талабы болар. 
Қайтсын енді. Автокөлік ауамен жүрмейді. Оның үстіне Жаңақорған кентінде жанар-жағармайдың жағдайын айтпай-ақ қоялық.
Қалай болғанда да таксист мырзалар адамдық пен ізгілікті тұншықтыра бермесе дейміз. Егерде осылай жалғаса берсе «Жақсы көрші – төрің», «Көршің жақсы болса, ағайынды аңсамайсың», «Алыстағы туыстан – жақындағы көршің артық», «Туғаныңмен сыйыспасаң, кең дүниеге сыймассың», «Туысы бірдің – уысы бір», – деген ұлағаттың парқы бір тиын болып қалады-ау.


***

Жақында жұмыс бабымен жолға шықтым. Таксист әңгімешіл адам екен. Алайда ешкімді ұната бермейтіні сөзінен байқалып тұрды. Біресе аудан басшылығы құр қарап отырғандығы жайлы әңгіме өрбітті. Бір уақытта Н.Назарбаевтың саясаты жайлы қасында жүргендей әңгімеледі. Еуразиялық экономикалық одақ, бүгінгі Украинадағы жағдайды, АҚШ пен Қытайдың ұстанып отырған саясатын саясаттанушы секілді сөз саптады.

Сосын: «Айтқан әңгімеңіздің ақиқат екеніне көзіңіз жете ме?» дегенімізде:

– Ел солай деуде ғой! – деп қысқа қайырды.

Кентте бір жерге бару үшін жолақысы 50 теңгелік таксистерге отырамыз. Осы автокөліктерде жоғарыдағы әңгімеге ұқсас сөздер айтылып жүр.

Осындайда таксисттер тек қажетті қаржысын тауып, елге іріткі салмай жүрсе жақсы болар еді...

11 наурыз 2018 ж. 1 927 1

Гость Jeahulalf от 5 ақпан 2019 00:47
Cialis Non Prescription Needed Usa Zoloft Fast Delivery Shipped Ups On Line Isotretinoin 10mg In Usa cialis 20mg for sale Adefovir Where To Buy Flagyl Us Viagra Kamagra 100