№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТИЫННАН ДА ТАУ ТҰРҒЫЗУҒА БОЛАДЫ

ТИЫННАН ДА ТАУ ТҰРҒЫЗУҒА БОЛАДЫ


Табысқа жету таңсық емес, тек тірлік жаса, тиыннан теңге құрай біл. Ең бастысы, қанағат қыл, ынсап сайын береке деген ниет болса нәтиже алыс емес. Менің бұлай деуімнің себебі бар. Бұған бір кісі түрткі болды. Ол ¬— кент тұрғыны Әділхан Искендиров еді. Барды қанағат тұтқан қарапайым ғана адам. Кәсібі —жолаушы тасымалдайды, нығыздап айтсақ «таксист». Енді сөздің кезегін Әділханның әңгімесіне берсек.
—Адам алдымен сабырлы болу керек. Яғни әркім өз-өзін сабырлыққа тәрбелесе одан ешқандай жаманшылық туындамайды. Екінші үнемді ұмытпа. Үшінші қай нәрсеге де қанағатпен қараған абзал. Мен өз өмірімнің тәжірибесінен түйгенім — алынбайтын қамал жоқ деген қағиданы мойындаған адаммын. Жалпы, жұмыстың жаманы жоқ. Тек ниет пен ынта дұрыс болу керек. Ал, оңай олжа қолдан суырылып оңай кетеді. Бейнет болмаса ақшаның да қадірі болмайды. Мен өткен қыста алдыма мақсат қойдым. Ел секілді дұрыс автокөлік сатып алсам деген. Бірақ, ондай ақшам жоқ. Амал не, такси тасымалын місе тұттым. Сөйтіп, қыс бойы отбасымызбен ет жемей, ақшаны үнемдеуге көштік. Арасында балық аулап, соны қанағат тұттық. Не керек, бір қыста 550 мың теңге ақша жиналды. Оған «Фолкьсваген» көлігін сатып алдым. Қазір менің бүкіл тіршілігіме осы көлік жарап тұр. Ешкімнен кем болмадым, екі қызымды ел қатарлы өсіріп келемін. Соның арқасында мұздатқышта ет те, басқа да тағам толы. Меніңше, әркім сабырлы болғаны керек. Байлық бір күнде болмайды, әсте-әсте. Біз бүгінде дағдарыс дегенді тіпті білмейміз,– деді ол.
Міне, айналамызда осындай адамдар бар. Біз солардың сабырлығын үйреніп, дүниені есепсіз шашудан сабақ алсақ деймін. Адамның санасынан үміт үзілмеу керек!

Ерасыл шәрібек.

12 қаңтар 2018 ж. 1 812 0