№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ағайын, қысқа қамдан!

Ағайын, қысқа қамдан!

Биылғы жаздың аптап ыстығы жорамалға сенсек, қыста қақаған аяз болып қайта оралуы мүмкін. Қазір алдағы маусымға дайындық күн тәртібіндегі басты мәселеге айналды. Оның дәлелі, облыс әкімі селекторлық жиын өткізіп, аудандардың дайындығын пысықтады. Біз де қысқа әзірліктің барысын бағамдадық.

Алдымен аудандық тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне барып, сала басшысы Есдәулет Сейіловтен мән-жайды білдік.
– 2019-2020 жылға жылу беру мау­сымына орай мәдени, білім және ден­саулық сақтау нысанына 2200 литр дизельдік жанармай мен 6100 тонна қатты отын қажет екені анықталды. Оған облыстық және жер­гілікті бюджеттен, 527,4 млн. теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда әлеуметтік нысандарға 4447 тонна көмір отынына келісім жасалды. Сұйық отын 1840 тонна, яғни 80 проценті жасақталды, – деді.
Ауданда жылытуды қажет ететін 143 әлеуметтік нысан бар. Оның 72-сі мектеп пен балабақша. Атап айтқанда, 45 мектеп, 1 колледж, 26 балабақша. Оған қоса, 35 мәдениет және спорт саласы кешендері мен 36 денсаулық сақтау саласының нысандары тіркел­ген. Аталмыш мекемелердің 101-і қатты отынмен, 27-сі сұйық отынмен, 15-і көгілдір отынмен жылытылады.
Бөлім басшысының сөзінше, қысқа дайындық жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілуде. Көмір базаларына қатты отындар жеткізіле бастады. Алайда тұрғындар қысқы отынды алуға асығар емес.
– Ауа райы құбылмалы. Күн аяқ асты­нан суытып кетсе, кезекке тұрған көліктерді көресіз. «Қыстың қамын жаз ойла» дегендей тұрғындар қазірден бастап көмірді ала бастағандары жөн. Ал көгілдір отынға қосылғандар газға уақтылы төлем жүргізгендері дұрыс, – деді Есдәулет Мырзадәулетұлы.
Сала басшысы дұрыс айтады. Газға берешек көлемі ай өткен сайын өсіп келеді. 2019 жылдың 21 тамызына дейін жаңа­қорғандықтардың коммуналдық төлем­ге, яғни көгілдір отынға қарызы 26 млн теңгені құрады. Қазір уақы­тылы төлем бермегендердің үйін көгілдір отыннан ажыратуда.
Көгілдір отын төңірегіндегі қорда­ланған қарыздың мән-жайын білу мақсатында «РЦКУ – Қызылорда» ЖШС Жаңақорған аудандық абонент­тік бөлімінің менеджері Роза Спатаева:
– Қазіргі таңда 4776 тұтынушының 477-сі қарызына байланысты газ жүйесінен ажыратылған. Қайта қос­тырғысы келсе, қосымша айыппұл төлейді. Яғни 6825 теңге қосымша тағы шығындалады. Ал 50 мың теңгеден жоғары қарызы бар тұтынушының саны – 112. Бұл 11 миллион 983 теңгені құрайды. Жалпы берешек тұрғынға бірінші айда ескерту береміз. Келесі айда газ жүйесінен ажыратамыз. Төлемеген тұтынушыны сот арқылы өндіру үшін сотқа қағаз жолданады. Көбіне тұтынушы ескерту, өшіру, сотқа дейінгі талап-арызға қол қоймай бас тартады. Ондай кезде комиссия құрамындағы екі бақылаушы мен менеджер қол қойып, сотқа жолдауға құқымыз бар. Кейде үйіне кіргізбей шу шығаратын тұрғындар болады. Мұндай жағдайда да комиссия құрамындағы 3 адам куәлендіріп, газ жүйесінен ажырата аламыз, – деді.
Бүгінгі таңда 4789 абонент газ жүйесіне қосылған. Бұл кент тұрғындары мекен-жайының 90 процентке жуығы газдандырылған деген сөз. Оның 115 мекемелер болса, қалғаны жеке тұрғын үйлер.
Менеджер аудан тұрғындарына құлақ қағыс ретінде, рұқсатсыз қайта жөндеу жұмыстарын жүргізіп, газ қондырғыларын ауыстырған жағдайда тұрғындар оны заңдастырып алуына болатындығын айтты. Ал, егерде тексеру барысында заңсыздықтарға жол берілгендігін анықтаса акт жасалып, өтемақы төлейтіндігі белгілі болды.
Есептеуіш құралдарының зақымдан­бауын қадағалау маңызды. Бүгінгі таңда кесте бойынша мамандар тексеру жұмыс­тарын жүргізіп жатыр екен. Олардың құзіретіне құбыр мен пештерді тексеру қызметі кірмейді. Мұны «Алау Газ Аймақ» ЖШС жүргізеді.
– Әр абонент айдың 25-не дейін төлем жасау керек. Маусымдық жылыту 15 – қазанда басталады. Тағы бір айта кететін жайт, қарызы көп абоненттердің басым бөлігі Саяжай мен МАИ бекеті аймағының тұрғындарына тиесілі. Осы абоненттер қыркүйек айының 28-не дейін толық төлем жасамаса, газдан ажыратылады, – деді ол.
Тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында газ есептегішінің көрсеткішін беру әдісі кеңейтілді. Яғни Telegram жүйесі енгізілді. Оған тіркелу үшін @rckubot-ты теріп, дербес шоттың нөмірін және газдың төленген соңғы төлем сомасын көрсетсеңіз болғаны.

Майра ҒАНИЕВА.
28 қыркүйек 2019 ж. 969 0