№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңабек Тұрлыбеков атаулы әлеуметтік көмектің жүзеге асу барысы жөнінде баяндады

Жаңабек Тұрлыбеков атаулы әлеуметтік көмектің жүзеге асу барысы жөнінде баяндады

Аудан әкімі Ғалым Әміреевтің төрағалығымен алқа жиыны өтті. Онда балалардың жазғы демалысы, атаулы әлеуметтік көмектің жүзеге асырылу барысы және қысқа дайындық жұмыстары талқыланды.

Алдымен аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов лагерьлерде жазғы сауықтыру жұмыстары мен мектеп жанындағы күндізгі лагерьлер жайына тоқталды.
– 2019 жылы «Тау самалы» тынығу лагерінде 8 лекте 640 бала демалды. Балалардың тамақтану нормасын сани­тарлық ереже талаптарына сай қамтамасыз ету мақсатында аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасымен, сапалы медициналық қызмет көрсету үшін аудандық емханамен бірлесе жұмыс жа­садық.
Демалыс маусымында облыстық басқарма мамандары, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері тарапынан рейдтік шаралар жүрді. Олар лагерь жұмысына жақсы бағасын берді.
Жалпы жазғы сауықтыру шараларымен қамтылуға тиісті 16155 баланың 15875-і қамтылды. Оның 1955-і бюджет есе­бінен, 600-і демеушілік, 235-і кәсіподақ жеңілдігімен, 2790-ы ата-аналардың есе­бінен ұйымдастырылды, – деді ауданның бас ұстазы.
Одан кейін аудандық жұмыспен қам­ту орталығының директоры Жаңабек Тұрлыбеков атаулы әлеуметтік көмектің жүзеге асу барысы жөнінде баяндады.
– 2019 жылы 2916 отбасының 16330 мүшесіне атаулы әлеуметтік көмекке республикалық бюджеттен 1 032 962,0 мың теңге, ұлттық қордан 489 112,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 193 533,0 мың теңге бөлінді. 1 тамызда 3320 отбасының 20202 мүшесіне әлеуметтік көмек тағайындалды.
Жыл соңына дейін атаулы әлеуметтік көмекке 1 058 000,0 мың теңге қажет болады, – деді мекеме басшысы.
Оның сөзінше, жергілікті комиссиялар атаулы әлеуметтік көмекті шын мұқ­таждарға тағайындауға мән бермей отыр. Кейбірі шетелдік қымбат автокөліктер мен екі қабатты тұрғын үйлерде тұратын отбасыларға да жәрдем тағайындалған жағдайлар анықталды. Бұған алдағы уақытта зерттеу, зерделеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін ақ-қарасы ажыратылатын болады.
Мәселен, табысын жасырғандар бойынша 1525 адам анықталды. 162 жеке кәсіпкер бірінші тоқсанда табысын көрсетпеген. Аудан бойынша 47 отбасы жеке қосалқы шаруашылығындағы малды және табыстарын жасырғаны белгілі болды. Қазір 29 адамның 8 998 631 мың теңгесі тоқтатылды. 133 отбасыға тоқтату немесе қайта есептеу жұмыстары жүргізілуде.
Биылғы жаздың аптап ыстығы қыста қара суық болып қайтуы мүмкін. Қысқа дайындық жұмысы маңызды болмақ. Осыған байланысты аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Есдәулет Сейілов сөз етті.
– 2019-2020 жылғы жылу беру мау­сымына әлеуметтік-мәдени, білім және денсаулықты сақтау нысандарына 2,2 мың литр дизель отыны, 6,1 мың тонна қатты отын қажет. Бүгінде әлеуметтік нысандарға 4447 тонна көмірге, 1840 тонна дизельге келісім шарт жасалды. Кенттегі тұрғын үйдің 4769-ы газдандырылған, – деді сала басшысы.
Көмір бағасын өсірмеуге бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға байланысты ауданға «Шұбаркөл» маркалы көмірін таситын «ЖК Рахматуллаевпен» келісім жасалуда. Кәсіпкер көмір өндіретін мекемелерден 25000 тонна көмір алуға келісімге келіпті. «Шұбаркөл» маркалы көмірдің тоннасы – 13800 теңгеден саты­латын болады. Аудандағы әлеуметтік нысандарды көмірмен қамтамасыз ететін «ЖК Турганбаевтың» қоймасында 1860 тонна көмір бар.
Аудан басшысы күн тәртібінде көте­рілген мәселелерді бақылауда ұстап, жұмысты ширата түсуді тапсырды.
24 тамыз 2019 ж. 703 0