№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДА ҚАНША ТОННА КӨМІР БАР?

ЖАҢАҚОРҒАНДА ҚАНША ТОННА КӨМІР БАР?

       Бізге бұл сұраққа аудандық аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жауап береді.
       – Жалпы ауданға теміржол тасымалымен, кенттегі көмір тасымалдаушы мекемелер арқылы жылу маусымы соңына дейін 25000 тонна жуық көмір қажеттілігі жоспарланған. Жаңақорған ауданында халықты және әлеуметтік нысандарды қатты отынмен қамтамасыз етіп отырған 3 отын қоймалары(тұйық) бар. Аталған қоймаларға бүгінде 5600 тонна көмір отыны жеткізілді, тұтыну көлемінің 23 пайызын құрап отыр. Көмір сату орындарында көмірдің 1 тоннасын 14500-15000 теңгеден сатылуда, – деді мекем қызметкерлері. 
       Сондай-ақ, кент тұрғындары мен ауыл тұрғындарына жылу маусымы басталған уақытта  жүк автокөлігі тасымалымен (ол шамамен 140 көлік) көмір жеткізілетін болады.
       Жаңақорған кенті бойынша жалпы тұрғын үйлер саны 5410 болса,газ отынын қолданып отырған тұрғын үй саны 4194, бұл кент орталығындағы жалпы тұрғын үйлердің 78 пайызын құрап отыр.

18 қыркүйек 2018 ж. 1 325 0