Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Соңғы жылдары медициналық қызмет сапасын арттыру, медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету, ана мен бала денсаулығын нығайту, профилактикалық медицинаны дамыту бағытында денсаулық сақтау саласында көптеген игі реформалар жүзеге асып келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздегі денсаулық сақтау жүйесіне тоқтала келе, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстары бойынша нақты міндеттерді атап өтті. Жаңа жүйені енгізудің негізгі мақсаты – медициналық қызмет сапасын арттыру және халықтың медициналық қызметке қолжетімділігін қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта халық денсаулығы, профилактикалық медицинаны дамыту, медициналық қызмет сапасы, ана мен бала денсаулығын жақсарту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірегейі. Биылғы жылдың өзінде ауданымызда М.Нәлібаев және Қожамберді фельдшерлік акушерлік бекеттері, Билібай және Талап медициналық бекеттері, Өзгент және Бірлік дәрігерлік амбулаториялары салынып халық игілігіне пайдалануға берілді. Онан бөлек емдеу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша да тиісті шаралар қабылданып, соңғы үлгідегі медициналық аппараттар алынуда.
Біздің мемлекетіміз Елбасымыздың «Қазақстан-2050» стратегиялық жоспарымен Мәңгілік елге айналу межесін алдына мақсат етіп қойды. Елбасымыздың жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап ретінде жария еткен «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» бағдарламасы - ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі нақты жоспары. Дәл осы Ұлт жоспарының 80-қадамында: Міндетті медициналық сақтандыруды енгізуді, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті басымдықпен қаржыландыруды, бастапқы көмек аурудың алдын алу және ерте бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналуы қажет екендiгiн атап көрсетсе, 81-қадамында: Жекеменшік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізу мәселелерін тапсырған болатын. Сондықтан келер жылдың қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін МӘМС жүйесіне жан-жақты дайындық жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Жаңақорған ауданына енгізілген патронаждық қызмет өз жемісін беруде, өткен жылдың өзінде емхана тарапынан ұсынылған 18 отбасының әлеуметтік мәселелері құзырлы мекемелер арқылы өз шешімін тапты. Енгізілген Жол карталары аясында жүйелі жұмыстар жасалынып жатыр. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында соңғы жылдары денсаулық сақтау саласын цифрландыру жүргізілуде. Бастапқы медико-санитариялық көмекті жетілдіру бойынша Жол картасының басым бағыттарының бірі саналатын кешенді медициналық ақпараттандыру жүйесіне (КМИС) сәйкес қазіргі уақытта патронаждық актив жұмыстары, науқастардың электронды денсаулық паспортын әзірлеу, дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақырту, еңбекке жарамсыздық парақтарын беру, сондай-ақ 086/е және 095/е нысанды медициналық анықтамалар беру қызметтері электронды негізде жүзеге асырылуда. Тұрғындардың емханадағы кезегін азайту мақсатында терминал іске қосылып, қазіргі уақытта флюорография, зертхана, дәрігерге дейінгі тексерулер талон арқылы жүргізілуде. Емдеу және алдын алу ұйымдары бойынша 2019 жылдың 8 айында 38 031 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «электронды үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы 5137 қызмет ұсынылды. Жалпы аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 168 дәрігер, 763 орта буынды медицина қызметкерлері қызметуде, яғни 10 мың тұрғынға шаққанда аудан халқының дәрігермен қамтылу деңгейі 22,6. Ағымдағы жылы 55 дәрігер, 114 орта буын медицина қызметкерлері түрлі өңірлік оқу орталықтарында білімдерін жетілдірді. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының мақсатты индикаторлық көрсеткіштеріне қол жеткізілуде. Демографиялық көрсеткіштерге тоқталар болсам, 2019 жылдың 8 айында аудан бойынша 1131 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 15,2, табиғи өсім көрсеткіші – 11,9 промильді құрады. Жалпы дәрігерлік қабылдау – 218384, тіркелген жалпы аурушаңдық – 51999. Тұрғындар арасында жиі тіркелетін аурулар тыныс-алу жүйесі, қан айналым жүйесі, несеп-зәр шығару жүйесі, асқорыту жүйесі аурулары болып отыр. ҚР ДСМ-нің «Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеру, жүргізу ережесін бекіту туралы» № 995 бұйрығына сәйкес 0-17 жас аралығындағы 25337 бала алдын ала тексеруден өткізілді. Ересектер арасындағы скринингтік тексеруден қанайналым жүйесі бойынша 4824 тұрғын, қант диабеті бойынша 4836 тұрғын, глаукома ауруына тексерілуге 4844 тұрғын қамтылды. Аудан тұрғындары диагностика мен емдеудің инновациялық мобильдік технологиялары, яғни жылжымалы медициналық кешен, санитарлық авиация, телемедицина арқылы мамандандырылған медициналық көмек алуда. Телемедицина арқылы осы мерзімге 78 телеконсультациялар мен телеконференциялар өткізілді.
Ел Президенті Қасым-ЖомартТоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басым бағыттардың барлығы кемел келешек қалыптастыруға бағытталып отыр. Олай болса, жарқын болашақ орнату жолында бірлесіп жұмыс жасай берейік.

Яхия ШОРАБАЕВ,
Жаңақорған ауданаралық
ауруханасының
бас дәрігері.
14 қыркүйек 2019 ж. 822 0