№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰЛТ САУЛЫҒЫ – НЕГІЗІ БАЙЛЫҚ

ҰЛТ САУЛЫҒЫ – НЕГІЗІ БАЙЛЫҚ


Денсаулық сақтау мәселесі – Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын басымдыққа ие болған еді. Яғни, стратегиялық құжатты іске асыру аясында «Денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту» жобасы бойынша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен толық сәйкестендірілген. Бағдарлама аясында денсаулық сақтау жүйесін цифрландырудың 2017-2018 жылдарға арналған жол картасы әзірленді. Биыл Бірыңғай интеграциялық платформаның пилоттық жобасы бойынша Қазақстан Республикасының әрбір азаматының жеке ұяшығы – денсаулығының электронды паспорты пайда болады. Сондай-ақ, жекелеген қызметтердің жұмысы автоматтандырылып, медициналық сақтандыру қоры, қоғамдық денсаулық сақтау мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласы реформаланады.
Ал, «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында медицина саласына тың міндеттерді қойды.
«– ...әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсырамын.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс. Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді», деп осыған дейінгі бағдарламаларды сапалы бітіруге нұсқады.
Ең бастысы, ұлт саулығы – мемлекеттің басым бағыттарының бірі екендігін тағы да қадап айтты.

Сәкен ҮСЕЙІНОВ,
аудандық емхананың басшысы.
13 қазан 2018 ж. 1 331 0