№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ХАЛЫҚ САУЛЫҒЫ НАЗАРДА

ХАЛЫҚ САУЛЫҒЫ НАЗАРДА

Медицина саласын тағы бір белеске көтеретін тарихи сәт туды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 6-шақырылымдағы парламенттің 5-сессиясын ашып, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға арналған Жолдауында осыны қаперге алды.

Жолдауды тапжылмай тыңдап, нақты тапсырмалар мен тың міндеттерді бағдарладым. Соның ішінде, денсаулық сақтау саласына да үлкен мән берілді.
Ақпарат беттерінде жарияланған Президент Жолдауының үзінділерінде денсаулық сақтау саласына енгізілетін міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселесі күн тәртібіне қойылды.
Әрине 2020 жылдан бастап енгізілгелі отырған міндетті әлеуметтік сақтандырудың халық денсаулығын нығайтуда жаңашыл өзгерістер әкелетініне сенімдіміз. Жаңақорған кентіндегі 250 адам қабылдайтын аудандық емхана уақыт талабына сай жұмысын жандандыра бастады.
Соңғы жылдары аудан медицинасын қаржыландыру артып, материалдық-техникалық база нығайтылды. Заманауи қажетті қондырғылармен толықты. Аудан халқының медициналық электронды төлқұжаттары жасалып, әрбір азаматтың денсаулығы назарға алынып отыр. Қазір екі елдімекенде ғана типтік жобадағы медициналық нысанға қажеттілік бар. Қалған ауылдардың бәрінде жаңартылды немесе жаңғыртылды.
Тек біздің алдымызда халыққа сапалы қызмет көрсетіп, халықтың саулығын арттырып, елдің дамуына лайықты үлес қосу міндеті тұр.
Жалпы Жолдау алдағы міндеттерді айқындап берді. Халық өмірін жақсарту, сол арқылы медициналық әлеуетті жоғарылату бағытындағы міндеттерді орындау біздерге міндет.

Сәкен ҮСЕЙІНОВ,
аудандық емхананың басшысы
11 қыркүйек 2019 ж. 1 065 0