№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА ЖАРНАНЫ ҚАЛАЙ ТӨЛЕЙДІ?

ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА ЖАРНАНЫ ҚАЛАЙ ТӨЛЕЙДІ?


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеу 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жүргізіліп келеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мерзімі 2020 жылдың 1 қаңтарына жылжытылуына байланысты «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» төленетін жарналар мен аударымдар бойынша көптеген өзгерістер енгізілді.


Осы өзгерістерге сәйкес жеке тұлғалар жарна төлеуден 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылды. Жеке кәсіпкерлер 2018-2019 жылдар үшін жеке кәсіпкер ретінде жарна төлеуден босатылды, бірақ «Жеке кәсіпкерлер» мен «Шаруақожалық иелері» Жұмыс беруші ретінде қарамағындағы жалдамалы жұмысшылары үшін жарна төлейді. Жұмыс берушілер қарамағындағы әрбір жұмысшы үшін 2017 жылы 1%, 2018-2019 жылдары 1,50%, 2020-2021 жылдары 2% көлемінде жарна аударады. Балаларға, барлық топтағы мүгедектерге, жұмыссыз ретінде тіркелгендер адамдарға, бала 3 жасқа толғанға дейін оны тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдарға, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты, бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдарға, жұмыс істемейтін жүкті әйелдерге, 18 жасқа толмаған мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдарға, орта, кәсіптік және техникалық, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімінде оқитын адамдарға, жұмыс істемейтін оралмандарға (тіркелгенге дейін бір жыл ішінде), «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдарға, тергеу изоляторларындағы адамдарға жарнаны мемлекет төлейді. Мемлекет тарапынан төленетін бұл төлемдер 2020 жылдан бастап жүргізіледі. Әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға мемлекеттің төлейтін жарнасы: 2020 жылы 1,4%, 2021 жылы 1,6%, 2022 жылы 1,7%. Жұмыскерлер 2020 жылға дейін жарна төлеуден босатылған, алайда, 2020-2021 жылдары 1%, 2022 жылы 2% аударады. Жеке кәсіпкерлер 1,4 ЕТЖК-дан 2020-2022 жылдары 5% көлемінде Қорға жарна аударады. Белсенді емес тұрғындар 1 ЕТЖК-дан 2020-2022 жылдары 5% жарна төлейді. Мемлекет анықтаған жекелеген санаттарға жатпайтын тұлғалар 1 ЕТЖК-ның 5 пайызын төлеу арқылы сақтандыру жүйесіне қосыла алады. Сондықтан барша аудан тұрғындарын ұлт саулығын нығайту, медициналық қызмет сапасын арттыру, медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілгелі жатқан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жете назар аударуды сұрай отырып, аталмыш мәселенің маңыздылығына мән беру қажет екендігін ескертеміз. Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда екендігін ұмытпаңыз.

Яхия ШОРАБАЕВ,
аудандық аурухананың бас дәрігері.
28 сәуір 2019 ж. 1 288 0