№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елбасы Жолдауы жаңашылдықпен жұмыс жасауға жетелейді

Елбасы Жолдауы жаңашылдықпен жұмыс жасауға жетелейді

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кешегі 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қоғамның барлық салалары бойынша маңызды мәселелерді көтере отырып, оларды шешу жолдарын қарастырып, мемлекет алдына кезек күттірмейтін нақты міндеттерді жүктеді. Барлық билік бұтақтарын бірлесе еңбек етуге шақыра келе, Елбасымыз мемлекеттілігіміздің онан әрі нығая түсуінің айқын жолдарын көрсетіп берді. Бұл өз кезегінде бұқара халықтың үлкен қолдауына ие болды. Осы Жолдауда «ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» мәселесіне кеңінен тоқталған Елбасымыз, медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналатындығын айрықша атап өтті және осы бағытта атқарылуы тиіс шараларға тоқталды.
   
   Ұлт Көшбасшысы өз сөзінде: «Ең алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қол­жетімді болуын қамтамасыз ету қажет. Алғаш­қы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсырамын. Осы мақсаттарға келесі жылы 5 миллиард теңге бөлінеді. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс. Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Осыған дейін жасалған кардиологиялық және нейрохирургиялық кластерлердің тәжірибесін пайдаланып, 2019 жылы Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысын бастау керек. Осылайша біз көптеген адам өмірін сақтап қаламыз», - деп маңызды міндеттерді көрсетіп берді. Сондай-ақ Ұлт саулығы – мемлекеттің басым бағыттарының бірі екендігін тағы да қадап айтты.
Осы бағытта Үкіметке қазақстандықтарды сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Жоғарыда айтылғандай, Елбасымыздың халық денсаулығын жақсарту жолында қойып отырған міндеттері біздің бәрімізді жаңашылдықпен, жаңа көзқараспен жұмыс жасауға жетелейді. Соңғы жылдары Елбасымыздың тапсырмасымен еліміздің денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бағытында көптеген реформалар іске асып жатыр. Емдеу және алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылып, кадрлар біліктілігіне баса назар аударылып, сала жұмысының түрлі бағыттары бойынша Жол карталары әзірленіп кешенді шаралар жүргізілуде. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қолданысқа енгізу бойынша да нақты шешімдер қабылданып, дайындық жұмыстары жүйелі түрде іске асуда. Қазіргі уақытта «Цифрлық мемлекет» бағдарламасы аясында денсаулық саласын толықтай цифрландыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінде аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдары кешенді медициналық ақпараттық жүйе бойынша, яғни КМИС бағдарламасы шеңберінде дайындық жұмыстарын басталып та кетті. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер қарастырылған.
Кешенді медициналық ақпараттық жүйе бойынша тиісті сала мамандары оқытылды. Емдеу ұйымдарының «Тіркелген Халық Тіркелімі» (РПН) базасына тіркелген тұрғындардың Электронды денсаулық паспорттары әзірленуде. Осылайша, Халық денсаулығын жақсарту, медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру, аурудың алдын алу, профилактикалық медицинаны дамыту және медициналық қызмет сапасын жақсарту бағытында сала қызметкерлеріне жүктеліп отырған міндеттер аз емес. Сондықтан халықтың медициналық қызметке деген бүгінгі сұранысын қанағаттандыра алуымыз үшін денсаулық сақтау саласының қызметкерлері қазіргі уақыт талабына сай бейімделе білуі тиіс және біз осы бағытта нақты шаралар қабылдайтын боламыз. Елбасы Жолдауын денсаулық сақтау саласының қызметкерлері де бірауыздан қолдай отырып, осы Жолдаудан туындайтын міндеттерді іске асыруда сенім биігінен көрініп, бірлесе жұмыс жасай бермекпіз.
Шорабаев Яхия Кәдірбекұлы,
Жаңақорған аудандық орталық
ауруханасының бас дәрігері.
23 қараша 2018 ж. 948 2

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 00:54
What Does Amoxicillin Cure Dental Generic Levitra Reviews cialis vs viagra Online Pharmacies Without Prescription Reliable Site To Buy Viagra Online Amoxicillin Drug Facts For Lyme Disease

Гость Jeahulalf от 8 наурыз 2019 23:48
Free Varga Pills Keflex Allergic Reaction Symptoms generique du viagra Amoxicillin Tooth Infection Dose