№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН: ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ ЖАҢА БУЫНЫ

ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН: ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ ЖАҢА БУЫНЫ

   Бүгінде саннан гөрі сапаға бет бұрған заман болды. Әсіресе саналы ұрпақ қалыптастыру – ұлт болашағының өзекті мәселесіне айналды. Уақыт өткен сайын білім беру жүйесінде талап күшейіп келеді. Бар мақсат – бәсекеге қабілетті болу. Ұрпақтың интеллектуалды қырын дамыту. Нарық пен уақыт талабы да сол. Тұңғыш Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы 10 басымдықтың барлығы да цифрландыру дәуіріне тездетіп бой тіктеу. Себебі, жаһан жұрты қазір ғарыштық жылдамдықпен дамуда. Кез келген сәтте адам ойламаған нәрселер дүниеге келіп жатады. Бұның барлығы бізден аса қырағылықты, шапшаң қимылдауды, жедел бейімделуді талап етеді.
  Осы тұста еліміз төртінші өнеркә­сіптік революцияға аяқ басып, ақпа­раттық технология жағынан өзге елдермен тереземізді теңестірдік деген­де өзгелермен бәсекелесе ала­тын ұрпақ өсіп келе жатыр ма деген орынды сауал туындайды. Бүгінгі тақырып ауаны «Digital-ұрпақ» немесе «Цифрлық аборигендер» жайлы бол­мақ. Ұрпақтар сабақтастығы – қашан­да өміршең тақырып. Әлемдік ғаламтор беті Икстер, бэби-бумерлер, «Z» және «Y»-ұрпақ деген жаңа тер­мин­дерге толы. Енді осы ұрпақтар қақтығысын кеңінен тарқатып көрсек.
Әлеуметтанушылар әрбір 20 жыл сайын алдыңғысынан ерекшеленетін жаңа пайда болатын ойды айтады. Тарихқа көз жүгіртсек, «ұрпақтар теориясының» негізін қалаған амери­кандық Уильям Штраус пен Нейл Хоув. Қос ғалым ұрпақтардың ерекшелігі мен айырмашылығын ғана зерттеп қоймай, түрлі құндылықтарды сабақтастыра отырып, талдау жасайды. Яғни сол заманның саяси-әлеуметтік жағ­дайлары мен техникалық даму үдері­сін негізге алады. Бұл бағытта «Ұр­пақ­тар» және «Төртінші өзгеріс» деген екі бірдей кітап жазып шығады. Авторлар бір ұрпаққа шамамен 20 жыл аралығында дүниеге келген адамдарды топтастырады. Осылайша адамзат баласын 4 буынға бөледі. Бірінші, 1943-1963 жылы дүниеге кел­гендер «Бэби-бум» ұрпағы. Екін­ші, 1963-1983 жыл аралығы – «Х» ұрпағы. 1983-2003 жылдар аралығы – «Y» ұрпағы. Ал төртінші, 2003 жылдан кейін дүниеге келгендер «Z» ұрпағы. Төртінші ұрпақ жайлы толық бірнәрсе айту әлі ертерек. Өйткені басты құндылықтар не болатынын нақты ешкім айта алмайды. Уақыт та, технология да жылдам даму үстінде. «Х» пен «Y» ұрпағымен салыстырғанда есте сақтау қабілеті төмен, зейіні 8 минуттан аспайтын, өзінің тұлғалық келбетіне құрметті қажет ететін, клитік саналы ұрпақ деп саналады. Ал қазіргі цифрлық аборигендердің артықшылығы басым. Технология да­мыған заманда қажет дүниесін есінде сақтап, миын шаршатпастан интернеттен тауып алатын «Z» ұрпағы бір сәтте бірнеше шаруаны атқара алады. Оған қоса, техника мен робототехникаға бейім. Жасыратыны жоқ, қазіргі заманның балалары «сандық ұрпақ» болып табылады. Олар өздерін киберкеңістікте еркін сезініп, жаңа технологияларды дер кезінде игеріп отырады. Бүгінгі жас буын телефонға көп телміреді деп кінәлаймыз. Ал олардың дүниеге келген тұсы нағыз «Веб 2.0» және мобильді технологиялардың дамуына сәйкес келді. Бұларды инноваторлар ұрпағы десе болады. Жалпы «Z» ұрпағының принципті қасиеті – оның қанында бар технологиялар. Бұл ұрпақ чаттарда, форумдарда, комьюнитиде дамиды. Бір қарағанда бұл ұрпақ сізбен бірге сияқты, бірақ әрқайсысы өзінің гаджетінен шықпайды. Олар үшін отбасы – жер бетіндегі ең қауіп­­сіз орын. Мұндай балаларға жоға­ры әлеуметтік белсенділік және үнемі ақпаратпен алмасу қажеттілігі тән. Яғни екі мыңыншы жылдары туғандар әлемді қауіп ретінде емес, тәжірибелерге арналған алаң ретінде қабылдайды. «Z» ұрпақтың мектеп сөм­кесіндегі планшет – бұл жаһандану мен технологиялар дамуының нәти­жесі. Алғаш көзін ашқан сәттен бастап әлеуметтік желілерде пайда болды. Әлеу­меттанушылардың тілімен айт­қан­да, «Z» ұрпақ сымды телефон әле­мін білмейді. Олар гаджеттедің жілі­гін шағып, майын ішеді. Бүгінгі ұрпақ­қа тән қабілет – клиптік ойлау. Яғни ақпаратты азғантай бөліктермен ғана қабылдау мүмкіндігі. Есесіне жаңа ұрпақ батылдық, креативтілік, технологиялардың үйлесімділігі ар­қа­сында әлемді мәселелерге тиім­ді жолын ұсына алады. Бұл нені білдіреді? Жақын келешекте біздің өзгерістерге куә болатынымызды білдіреді. Олай болса, бүгінгі білім жүйесіндегі жаттау заманы өтті. Сындарлы ойлау һәм креативті көз­қарас заманы туды. Содан да болса керек, елімізде сындарлы ойлау мето­дикасы қарқынды енгізілуде. Оған қоса, креативті жастарға қоғамда сұра­ныс артты. Түптеп келгенде, жаңа буын – жарқын болашақтың кепілі екені айқын.

Әбдісамат ӘБДІШ.
20 тамыз 2019 ж. 1 112 0