№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЦИФРЛАНДЫРУ: ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ

ЦИФРЛАНДЫРУ: ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ


Мелекет межесі – озық отыздыққа ену. Яғни, мақсаты айқын, бағдарламасы да дайын. Ол «Цифрлы Қазақстан» деп аталады. Негізгі 4 бағыты бар. Жаңадан жүзеге аса бастаған бұл құжаттың қауқары да қомақты. Әлгінде айтқан төрт басымдықтың әуелгісі – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамту. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарлама шеңберінде азаматтарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіп қана қоймай, ауыл мен қала арасындағы цифрлық алшақтықты қысқарту қарастырылған. Жоба аясында электронды сауда, электронды үкіметтің қызмет көрсетулерін сандық технологияға негіздейді. Осы бағытта Жаңақорған ауданын кешенді шаралар легі жүргізілуде.
Аудан бойынша электронды үкімет порталымен жұмыс жасауды, оны пайдалануды үйрету жұмысы басталып кетті. Іс-шара аясында аудан тұрғындары арасынан 4940 азаматты 4 бағытта оқыту көзделген.
Бірінші, негізгі цифрлық дағдыларды қалыптастыру бағыты бойынша 1272 азамат, екінші бағыт - «Электронды үкімет» порталымен жұмыс бағытында 1450 азамат, үшінші «Ашық үкімет» порталына үйрету бағытында 2018 азамат және соңғы бағыт, «e-commerce» бойынша 200 азаматты оқытумен қамту жоспарланған.
Ағымдағы жылдың 23 мамырынан бастап барлық елді мекендердегі аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары, 42 орта мектепте және Жаңақорған аграрлы-техникалық колледж базасында оқытулар жүрді. Цифрлық сауаттылық дағдыларына үйретуді тиісті семинарда оқыту курсынан өтіп келген мектеп бағдарламашылары жүргізілді. Айта кету керек, порталдағы барлық бағыттар бойынша консультациялық және әдістемелік көмек беруде айрықша ат салысуда.
Білім беру мекемелерінде негізгі цифрлық дағдыларға және «Ашық үкімет» порталымен жұмыс жасауды оқытып, бүгінгі күнге бірінші бағыт бойынша оқытуларды толығымен аяқтады. Колледж дәріскерлері де негізгі цифрлық дағдыларға және «Электронды үкімет» порталымен жұмыс жасауды үйретуді қолға алып, бүгінгі таңға 694 азаматты оқытты.
Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының Жаңақорған аудандық бөлімінің қызметкерлері екінші бағыт бойынша оқытулар ұйымдастыруда. Бөлім инспекторлары аудандағы мекеме ұжымдарын, сондай-ақ, тікелей орталыққа барған азаматтарды «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» көмегімен Электронды үкімет порталының жұмысы, оның қажеттілігі мен өзектілігі жайлы жан-жақты түсіндіру жұмыстары аясында 700-ден астам азаматты қамтыған. Аталған жұмыстар қарқынды жалғасын табуда.
Қорыта айтқанда, жаһан жұрты қазір ғарыштық жылдамдықпен дамуда. Кез келген сәтте адам ойламаған нәрселер дүниеге келіп жатады. Бұның барлығы бізден аса қырағылықты, шапшаң қимылдауды, жедел бейімделуді талап етеді.
Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінің талабы да – осы. Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы осы талаптарға сай болуымызды көздейді.

Ерболат ШАЙДАРОВ,
аудан әкімі аппаратының маманы.
30 маусым 2018 ж. 1 505 0