№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЦИФРЛАНДЫРУ: АГРАРЛЫ САЛАҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

ЦИФРЛАНДЫРУ: АГРАРЛЫ САЛАҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

  Тұңғыш Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының негізінде қазір ауыл шаруалығын жаппай цифрландыру біртіндеп жүзеге асып келеді. Оның ішінде, аталған секторды жаңа технологияға негіздеу мақсаты тұр. Өйткені экономиканың тірегі саналатын агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру арқылы ел табысын еселей түсу – маңызды міндет. Бүгінде көптеген дамыған елдер бұл салада озық цифрлы технологияның игілігін көруде.

  Цифрландыру – жаһандық үрдіс. Бұл үрдіс бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуды және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды тездетеді. Бұл озық технологияның үздік үлгісін ауданға қарасты шалғайда жүрген шаруа да өз игілігіне икемдеуде. «Электрондық үкімет» порталы арқылы қажетті мемлекеттік құжаттарына қол жеткізіп, шаруасын дөң­гелетуде. Бұдан бөлек аудандық ауыл­шаруашылығы бөлімінде арнайы «Өзіне-өзі қызмет көрсету» кабинеті жұмыс жасап тұр. Мұнда серіктестік пен қожалық төрағалары сала мамандарынан кеңесін алып, өзінің «электронды қолтаңбасымен» өтінім бере алады. Жоғары жылдамдықты ғаламтор, компьютермен қамтамасыз етілген бөлме шаруа қауымға тиімді болып тұр. Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Серік Сейдуалиевтің айтуынша, жыл басынан бері «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бөлмесінде «Электронды Үкімет» порталы арқылы 155 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, мемлекеттік корпорациямен 63 қызмет түрі көрсетілген. Бұл да болса, тұрғындар тарапынан белсенділік басым деген сөз. Шаруа қожалық иелері көбіне «Электронды Үкмет», «Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайты», Elicense.kz порталын жиі пайдаланған. Сондай-ақ министрліктің ресми сайты жанынан Qoldau.kz Бизнеске арналған цифрлық платформасы да жұмыс жасап тұр. Бұл қосымшада шаруаға қажетті «Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген дизель жанармай үлестіру», «Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемле­кеттік электрондық тізілімі», «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойын­ша электрондық жоспарлар», «АӨК субьек­тілерінің электрондық картасы» сынды медиа-ресурстар орналасқан. Оның ішінде қажетті мемлекеттік құжатына электронды түрде өтінім бере алады. Одан бөлек Qoldau.kz қосымшасында сан түрлі қызмет түрлері де бар. Яғни, «Сақтандыру өнімдері», «Геоақпараттық портал», «Көліктің серіктік мониторингі», «Сауда алаңы», «Ауа райы қызметі», «Көлік логистикасы» секілді диқаншы қауым мен шаруа үшін қолжетімді ресурстар жасақталған. Түптеп келгенде, мұның бәрі ауылшаруашылығы саласына серпін беріп, электронды құжат айналымын оңтайландыруға мол мүмкіндік береді.

Әбдісамат ӘБДІШ.
01 маусым 2019 ж. 1 332 0